Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.43 EUR 432.47
RUB 6.12 CNY 55.78
Jańalyqtar

11 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 11 шілде 07:00 323
Бөлісіңіз:
11 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 11 шілдеге арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықтардың бүкілдүниежүзілік күні

БҰҰ-ның бастамасымен 1987 жылдан бастап атап өтіледі. Сол жылы 11 шілдеде БҰҰ демографтарының есебі бойынша жердің бес миллиардыншы тұрғыны дүниеге келді. 2001 жылғы мәлімет бойынша жер тұрғындары 1,1 млрд адамға көбейген. БҰҰ сарапшыларының болжамдарына қарағанда, 45 жыл ішінде адам саны 9 миллиардқа дейін артуы мүмкін. Бірақ дамыған мемлекеттерде халық саны көбеймейді, бұл көрсеткіш 1,2 млрд деңгейінде сақталады.

2050 жылы Германия, Италия, Жапония, Украина және Ресей сынды 50 мемлекетте тұрғындар саны 2005 жылмен салыстырғанда төмен болады. БҰҰ баяндамасына қарағанда адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 1950-1955 жылдары 46 жас болса, 2000-2005 жылдары - 64 жас. Яғни, адамдардың өмір сүру жасы 18 жылға өскен. 2050 жылы орташа өмір сүру ұзақтығы - 75, ал дамыған мемлекеттерде 82 жас болады деп күтілуде.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1894 жылы Транссібір темір жолы арқылы Петропавл қаласына алғашқы пойыз келіп жетті. Теміржол қатынасының қалыптасуы бұл өлкенің экономикалық дамуына жасалған негізгі қадам болатын.
1977 жылы Қазақ минералдық шикізат ғылыми-зерттеу институты құрылды.

1997 жылы Қазақстан Республикасының энергетика жүйесін басқаруды құрылымдық реформалау аясында «Қазақстанэнерго» ұлттық холдингі базасында  «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company - KEGOC) құрылды.
1997 жылы Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қабылданды.

2007 жылы Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімімен өңірдегі 11 ауыл және 2 ауылдық округтің атауы өзгертілді.
Атап айтқанда, ауылдардың «орыс тілді» атауларының орнына бұрынғы қазақша атауы қайтарылды немесе атақты ақтөбелік және қазақстандықтардың атын алды. Осылайша, Ақтөбенің іргесіндегі Новостепановка ауылы - Кеңес Нокин атындағы ауыл, Алға ауданының Березовка ауылы - Қайыңдысай ауылы, Қобда ауданының Вознесеновка, Пятигорка және Қызылту ауылдары - Қурайлы, Бестау және Егіндібұлақ ауылы деп аталатын болды. Атақты композитор Шәмші Қалдаяқовтың аты Қарғалы ауданының Александровка ауылына берілді. Осы ауданның тағы 2 ауылы - Эрзерум мен Бородиновка - Сарыбұлақ және Қайрақты деп өзгертілді. Сондай-ақ Мәртөк ауданының Новомихайловка ауылы енді Байнассай ауылы, Казанка ауылы - Қазан ауылы, Мұғалжар ауданының Юбилейный ауылы Алтынды ауылы деп аталатын болды. Алға ауданының Ключевой округі - Үшқұдық ауылдық округі, Қобда ауданының Белогорский ауылдық округы Бестау ауылдық округі деп өзгертілді.

2012 жылы Сарыарқаның дала оттарын ресейлік энциклопедист Николай Непомнящий әлем кереметтері тізіміне енгізді. Тылсымы мол сағым Нью-Йорктегі канализацияның аллигаторлары, Бермуд үштағаны, пирамидалармен бір тізімге енгізілді. «Торғайдың сиқырлы оттары» туралы зерттеуші «Ең таңғажайып құбылыстар» кітабында толық сипатама берді.

2013 жылы қазақстандық Мария Мудряк «Belvedere» опера әншілеріне арналған халықаралық конкурсында әлемнің үздік сопраноларының ондығына кірді.

2018 жылы кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тарту еткен чемпиондық белдіктері Елбасы кітапханасына берілді. 29 маусым күні Қазақстан Президентімен кездескен Геннадий Головкин Елбасына WBC, WBA (Super), IBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белдіктерін сыйға тартқан. Қазақстандық боксшының белдіктері «Қазақстандағы олимпиада қозғалысы»  тұрақты экспозициясына қойылды. 2018 жылдың мамырында тұсауы кесілген аталмыш экспозицияда Мемлекет басшысымен кездесу барысында Олимпиада қозғалысының жетекшілері, отандық және шетелдік спортшылар сыйға тартқан кәдесыйлар, марапаттар және спорт құралдары сақталған. Бұл жерде ҚР Президентінің спорт саласындағы мемлекет саясатын ел ішінде ғана емес, шекарадан тыс ілгерілеткені үшін алған марапаттары да орналасқан. Олардың қатарында спорт ұйымдары мен қоғамдар, қауымдастықтар мен федерациялар тарту еткен марапаттар, сондай-ақ ҚР ҰОК Құрмет белгісі (2000), «Спешиал Олимпикс Қазақстан қозғалысын қолдағаны үшін» естелік медалі мен белгісі (2002), Азия Олимпиада кеңесінің ордені (2007), FILA Халықаралық күрес қауымдастығының алтын ордені (2003) сынды өзге де  Олимпиада және Паралимпиада ойындарымен байланысты марапаттар бар. Олардың ең алғашқысы, әрі ең ерекшесі - ХОК президенті Хуан Антонио Самаранчтың Мемлекет басшысына табыстаған - «Еңбегі үшін» алтын Олимпиада ордені (1997).

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Мухамедиярова Жанара
Мухамедиярова Жанара
954-059

MURAǴAT