11 мыңнан астам полиция қызметкері жетіспейді - Ерлан Тұрғымбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде 11 мыңнан астам полиция қызметкері жетіспейді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазіргі уақытта ішкі істер органдарында кадрлық жағдай қиын. Мамандардың тұрақсыздығына байланысты жұмыстың сапасы төмен. Осы жағдай әлі толық шешілген жоқ. Мәселен, өткен жылы 8800-ден астам қызметкер жұмыстан шықты. Соның 42 пайызы өз еркімен кеткен. Бүгінгі күні 11200 полиция қызметкері жеткіліксіз. Ол жалпы 14 пайызды құрайды. Сол себепті Ішкі істер министрлігінде жұмыс толыққанды атқарылмай отыр", - деді министр.

Оның атап өтуінше, полиция қызметкерлерінің құқықтық-әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесі Елбасы мен Үкімет қолдауының арқасында шешілуде. Дегенмен жаңа форматтағы полицияны құру үшін кейбір мәселені шешу қажет.

"Біріншіден, полиция қызметкерлерінің жалақысы төмен болып отыр. Мәселен, полиция сержантының орташа жалақысы бүгінде 87 мың теңгені құрайды. Ал лейтенанттан майорға дейінгілер 110 мыңнан 147 мың теңгеге дейін жалақы алады. Бұл сома дәл осында шені бар өзге органдардағы қызметкерлердің жалақысынан 10-нан 50 пайызға дейін төмен", - деді Е.Тұрғымбаев.

Соңғы жаңалықтар