11 мың адам ресейліктерді үйінде тұрғызып жатқанын хабарлаған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігіне 11 мың қазақстандық ресейлікті паналатқаны туралы хабарлама түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында ІІМ Көші-қон қызметінің комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті.

«Бүгінге дейін мұндай мәліметпен 11 мың хабарлама түсті. Осы мүмкіндікті пайдаланып тағы да осы заңнаманы сақтауларыңызды сұраймын. Бұл – нақты біздің азаматтарға қатысты талап. Шетелдіктердің келгені туралы хабарламаны олар 3 күннің ішінде хабарлауы керек. Әйтпесе, бұл үшін Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 518-бабы бойынша жауапкершілік көзделген», - деді комитет басшысы.


Соңғы жаңалықтар