11 млн халық тамашалаған әлемдік шедевр «Notre Dame de Paris» қазақ тілінде қойылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Qazaqconcert» мемлекеттік концерттік ұйымы Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемге әйгілі «Notre Dame de Paris» мюзиклін қазақ тілінде ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат өнер ордасының баспасөз қызметіне сілт еме жасап.

Атақты француздық-канадалық мюзиклдің премьерасы 2018 жылғы 18-24 желтоқсан күндері аралығында Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елорданың 20 жылдық мерейтойы аясында  тәуелсіз Қазақстанның мәдени тарихында тұңғыш рет әлемге әйгілі «Notre Dame de Paris» мюзиклінің қазақ тілінде сахналануы - еліміз үшін үлкен мәртебе.

«Әлемдік мәдениеттің жауһарына айналған «Notre Dame de Paris» мюзиклі - Гиннестің рекордтар кітабына енген озық туынды. Дүниежүзі бойынша 11 миллионнан астам көрермен тамашалап үлгерген үздік шедевр әлемнің тоғыз тіліне аударылған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан атақты мюзиклді өзінің мемлекеттік тіліне аударған оныншы ел болып отыр. Енді, ХХ ғасырдың үздік әндері атанған «Belle», «Danse mon esmeralda», «Le Temps des Cathedrales» өлеңдері қазақ тілінде орындалады» делінген хабарламада.

«Notre Dame de Paris» мюзиклінің қазақ тіліндегі премьерасы 18 желтоқсан күні сағат 19:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді. Мюзиклдың қоюшы-режиссері -  Роберт Мариен, продюсері - Николя Талар, қазақ тіліндегі либреттоның авторы - белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазы.  

 

Соңғы жаңалықтар