+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

11 маусым. Туған күн иелері

2021 жылғы 11 маусым 08:10
Бөлісіңіз:
11 маусым. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 11 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
21 маусым. ҚазАқпарат күнтізбесі 20 маусым. Туған күн иелері 19 маусым. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР

64 жыл бұрын (1957) ҚР Парламенті Сенатының жанындағы сенаторлар кеңесінің мүшесі Серік Шыңғысұлы БЕКТҰРҒАНОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. 1979 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Физика пәнінің оқытушысы. Философия ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1979 жылы Рудный индустриалдық институтының оқытушысы ретінде бастаған. 1981-1997 жылдары Қостанай қалалық комсомол комитеті бөлімінің меңгерушісі, Қостанай қалалық әкімшілігі басшысының орынбасары, 1997-2001 жылдары Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып қызмет істеген. 2002-2005 жылдары «Стомед» фирмасының коммерциялық директоры, Қостанай облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аумақтық басқармасының басшысы, 2005-2014 жылдары Қостанай облысы әкімінің орынбасары болған. Қазіргі қызметінде – 2014 жылдың қазанынан. «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

63 жыл бұрын (1958) «Агрофирма «Родина» ЖШС бас директоры, құрылтайшысы, Қазақстанның Еңбек Ері Иван Адамович САУЭР дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «ауыл шаруашылығы өндірісін тетіктеу» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1980 жылы Целиноград ауданы «Красный флаг» кеңшарында бригадир болып бастаған. 1985-1987 жылдары «Красный флаг» кеңшарында бас инженер, 1987-1994 жылдары Целиноград ауданы «Родина» кеңшарының директоры, 1994-1996 жылдары «Родина» жеке отбасылық кәсіпорнының директоры, 1996-2005 жылдары «Родина» өндіріс кооперативінің директоры.

2005 жылдың мамыр айынан бері қазіргі қызметінде.

«Отан» (2011), «Парасат» (2005), «Достық» (1996) ордендерімен, «Шапағат» (2000), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) «Тыңға - 50 жыл» (2004), «Астанаға 10 жыл» (2009), «Қазақстан полициясына 20 жыл» (2012), «ҰОС Жеңісінің 60 жылдығы» (2005) медальдарымен және т.б. марапатталған.

57 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Бас прокуроры Ғизат Дәуренбекұлы НҰРДӘУЛЕТОВ дүниеге келген.

Ол Алматы облысында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығымен бітірген (1986).

Еңбек жолы: ұжымшар заңгері (1987-1990); прокуратура органдарында қызмет атқарған (1990-1996); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінің органдарында еңбек еткен (1996-1997); Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдарында қызмет еткен (1997-2007); Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облыстық департаментінің бастығы (2007-2017). 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары болды.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың наурызынан.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT