11 маусым күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 11 маусымда Астана мен Алматыда бірқатар маңызды шаралар ұйымдастырылады. Республиканың басқа аймақтарында да қоғамдық маңызы бар оқиғалар болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

АСТАНА

Сағат 9.00-де «Aтамекенде» Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бөлімінің қоғамдық қабылдау бөлімінің көшпелі отырысы өтеді.

Сағат 10.00-де Назарбаев Университетінде «Қазақ әдебиетінің тарихы және латын қарпіне көшудің ғылыми-практикалық негіздері» атты республикалық конференция өтеді.

Сағат 11.00-де Сенатта «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдарының кеңейтілген кеңесі өтеді.

Сонымен қатар, сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасының мұражайында Астананың 20 жылдығына арналған «Астана - болашақтың қаласы» атты салтанатты шара өтеді.

Сағат 12.20-де Орталық коммуникациялар қызметінде қазақстандық ауыр атлетші Илья Ильиннің үлкен спортқа  оралуы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 15.00-де Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестіктің 10 жылдығына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Оған Франция Республикасының Ұлттық Ассамблеясы делегациясының мүшелері қатысады.

Сағат 15.00-де Елордада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысы өтеді.

Сағат 15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуге дайындық және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлап отыр.

Сағат 16.20-де Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстандағы аукциондарда жаңартылатын энергия көздерінің құнын төмендетуге арналған баспасөз конференциясы өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 9.30-да теннистен ATP Challenger сериясы бойынша  халықаралық турнирдің ашылуы. Байқаудың жүлде қоры - 50 мың доллар. Өтетін орны: «Gorky Tennis Park» теннис клубы.

ӨСКЕМЕН

11-20 маусым аралығында сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін «Туған ел-алтын бесігім»  атты Шығыс Қазақстан облысының оқушыларына  тарихи-мәдени нысандарға экскурсия болады.

 

 

Соңғы жаңалықтар