11 маусым күні Қазақстанда болатын маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 11 маусым күні Қазақстанда болатын маңызды шараларға шолу жасайды.

НҰР-СҰЛТАН

9:00-деҮкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы басталады.

11:00-де елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Жүз жылдық жылнама» атты 5 томдық жинақтың тұсаукесері өтеді.

11.00-де Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасындағы Италия елшілігімен, Eni ірі италиялық мұнай-газ компаниясымен өзара түсіністік туралы үшжақты меморандум бекітіледі.

17.00-де ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында ас ішуге арналған корей таяқшаларының «K-Chopsticks: Connection» көрмесі ашылады.

АЛМАТЫ

9.00-де Royal Tulip Almaty қонақ үйінде «Даму тарихы: ішкі көзқарас» тақырыбында Х Халықаралық конференция өтеді.

11.00-де «Almaty Towers» бизнес кешенінде Қазақстанның биржа қоры мамыр айындағы еліміздің биржа нарығының жұмысы туралы дәстүрлі медиа-брифинг өткізеді.

11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында «Star of Asia Almaty.kz 2019» халықаралық музыка фестиваліне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

12.00-де «Ғылым ордасында» Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында «Қазақ мемлекеттілігі және Алаш» ұжымдық монографиясы және «Қазақстан мемлекеттілігі тарихындағы Алаш: идеялар, тағдырлар, мұра» атты архивтік құжаттар мен материалдар жинағы таныстырылады.

Соңғы жаңалықтар