11 маусым күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 11 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың халық алдында есеп беру кездесуі өтеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

10.00-де ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы Үкімет сағаты өтеді.

11.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Ұлы далаға қош келдіңіздер!» - Альфред Бреммен бірге Қазақстанда 1876/2021» көрмесі ашылады.

12.00-де Еуразия ұлттық университетіне БАӘ-нің азық-түлік және су қауіпсіздігі министрі Мариям Аль-Мухайри келеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР ішкі істер министрінің халық алдында есеп беру кездесуінің қорытындысы» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

19.30-да «Қазақконцерт» әртістері ұлы күйші Құрманғазы мен оның дарынды шәкірті Дина Нұрпейісованың бай музыкалық мұрасына арналған жаңа концертті ұсынады. Концерт «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді.


Соңғы жаңалықтар