+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

11 маусым. ҚазАқпарат күнтізбесі

2021 жылғы 11 маусым 07:00
Бөлісіңіз:
11 маусым. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2021 жылғы 11 маусымға арналған күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
18 маусым. ҚазАқпарат күнтізбесі 16 маусым. Туған күн иелері 15 маусым. Туған күн иелері

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1918 жылы Алаш Орда үкіметі Совет үкіметінің Қазақстан аумағындағы барлық декреттерінің күшін жойып, заңсыз деп жариялады. Бұл туралы Алаш Орда үкіметінің арнайы қаулысы қабылданды. «Алаш автономиясының аумағында Совет үкіметі шығарған барлық декреттердің күші жойылсын. Алаш Орда Төрағасы Ә.Бөкейханов, Мүшелері М.Тынышбаев, Х.Ғаббасов» делінген қаулыда.

1991 жылы Қазақстан Республикасының Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополиялық қызметті шектеу мемлекеттік комитеті құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы қаңтардың 11-індегі Жарлығымен аталмыш комитет Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті болып қайта құрылды.

2002 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Целинный ауданына Ғабит Мүсіреповтің есімі берілді. Бұл туралы Президенттің Жарлығы шықты.

2008 жылы Қазақстан-Франция ынтымақтастығын дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін Нұрсұлтан Назарбаев Францияның Құрметті легион орденінің Үлкен кресімен наградталды. Үлкен крест Францияның ең жоғарғы наградасы – Құрметті легион орденінің ең биік марапаты. Оны Франция президенті әскери немесе азаматтық салада ерекше еңбек сіңіргендерге табыс етеді. Орденді 1802 жылғы 19 мамырда мемлекетті қайта құру кезеңінде Наполеон Бонапарт бекіткен.

2010 жылы Ташкент қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Мемлекет басшылары кеңесінің Х мәжілісі аяқталған соң ШЫҰ-ға төрағалық Өзбекстаннан Қазақстанға өтті. ШЫҰ-ның төрағасы ретіндегі Қазақстанның іс жүзіндегі қадамдары Ұйымға мүше елдердің көпсалалы ынтымақтастығын тереңдету бойынша ортақ күш-жігердің мұрагерлігін қамтамасыз етуге бағытталды.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Телерадио хабар тарату туралы» № 777 қаулысы бекітілді. Оған сәйкес, «Қазтелерадио» АҚ Қазақстан Республикасында телерадио хабар таратудың Ұлттық операторы болып белгіленді.

2014 жылы Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Бас Ассамблеясының 155-ші сессиясы аясында Қазақстанға Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) туын табыстап, ЭКСПО-2017 көрмесі ресми түрде мойындалды.

2014 жылы Солтүстік жартышардағы Арыстан шоқжұлдызында қазақстандық эстрада қайраткерлеріне арналған «Астана жұлдызы» пайда болды.

2014 жылы Х. Мақажанова атындағы Қарағанды облыстық травматология және ортопедия орталығы Еуропалық сапа зерттеу қоғамының (ESKR) сыйлығымен марапатталды. Марапаттау рәсімі Брюссельде (Бельгия) өтті. Клиникада жыл сайын жарақат алған және тірек-қимыл аппаратының аурулары бар 6 мыңнан астам пациент емделуде. 2009 жылдан бастап бұл жерде жамбас және тізе буындарын эндопротездеу жүргізіледі, 5 жыл ішінде 1 500-ден астам ота жасалды.

2016 жылы Мәскеуде «Мұрагер» қазақ ақпараттық-мәдени орталығы қызметінің таныстырылымы өтті. Орталықтың басты мақсаты - қазақ мәдениеті мен әдебиетін дәріптеу.

2017 жылы Түркия астанасы Анкараның Кечиөрен ауданында айтыс өнерінің дүлдүлі, ақиық ақын Сүйінбай Аронұлының саябағы жанынан Жамбыл Жабаев атындағы көше салтанатты түрде ашылды.

2017 жылы Минскіде ерлер арасында өткен Еуропа чемпионатында Тараз қаласының 13 жасар тұрғыны Бибісара Асаубаева шахматтан ерлердің халықаралық спорт шебері стандартын орындап, автоматты түрде Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) шахматтан ерлердің халықаралық спорт шебері атанды.

2018 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде (ҚР ҚК) алғаш рет әскери-ғылыми взводқа әскери қызметшілерді іріктеу тәжірибесі басталды, іріктеудің басты критерийі - ақпараттық технологиялар, ғылым және робот техникасы саласында білім беру.

2020 жылы Қазақстанда «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингінің базасында қолжетімді баспана құрылысын қаржыландыру, арендалық баспана ұсынумен айналысатын, сондай-ақ үлескерлер қаражатының сақталуын қамтамасыз ететін Тұрғын үй құрылысының Бірыңғай операторы құрылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT