11 мамырда оңтүстікте шаңды дауыл көтеріліп, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 11 мамырда Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Бұл күні ел аймақтарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшеюі, оңтүстікте - шаңды дауыл, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында шаңды дауыл болады. Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман күтіледі.

Күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады.

Соңғы жаңалықтар