11 қыркүйектегі ауа райы: жаңбыр, тұман, күшті жел
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Павлодар облысының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.
Атырау облысында, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.