+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

11 қыркүйек. Туған күн иелері

2020 жылғы 11 қыркүйек 08:10
Бөлісіңіз:
11 қыркүйек. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 11 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

84 жыл бұрын (1936) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының құрметті директоры Камал Сәруарұлы ОРМАНТАЕВ дүниеге келді.

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында туған.

Ірі ғалым, бірқатар басымдықты ғылыми бағыттардың негізін қалаушы, педагог және жоғары білікті хирург, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 2000 және 2003 жылдарда «Алтын адам» сыйлығына ие болды. ҚР профилактикалық медицина академиясының вице-президенті, ҚР ҰҒА академигі, Медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі.

«Парасат» орденімен марапатталған.

70 жыл бұрын (1950) М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының қоюшы-режиссері Әубәкір Сыдықұлы РАХИМОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Таскескен ауылында туған.

1966-1968 жылдары М.Әуезов атындағы академиялық театрдың актерлік студиясын оқып бітірді. Еңбек жолын 1968 жылы Жамбыл облыстық театрында актер болып бастады. 1974 жылы Мәскеудегі А. Луначарский атындағы Театр өнері институының (ГИТИС) режиссерлік факультетіне И.М. Тумановтың (Туманашвили) курсына түсіп, 1979 жылы үздік бітірді. Дипломдық жұмысын М.Әуезов театрында О.Бөкейдің «Текетірес» пьесасы бойынша қойған спектаклімен қорғап, осы театрға жұмысқа шақырылды.

Қазіргі қызметінде – 1979 жылдан бері.

55 жыл бұрын (1965) режиссер, сценарист, продюсер Әмір Болатұлы ҚАРАҚҰЛОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы мемлекеттік театр көркемсурет институтын (қазіргі Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы), С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематографиялық институтын бітірген. «D'Arcy» жарнама агенттігінде креатив директоры, «Қазақфильм» киностудиясындағы «Дебют-реклама» жетекшісі, Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы қызметтерін атқарған.

«Разлучница», «Голубинный звонарь», «Последние каникулы», «Жылама», «Нереальная любовь» фильмдерін түсірген.

54 жыл бұрын (1966) G-Global Халықаралық хатшылығы басшысының бірінші орынбасары, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының президенті Мұрат Ратұлы ҚАРЫМСАҚОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 2018 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «мемлекеттік аудит» мамандығы бойынша, 2016 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының магистратурасын, 1991 жылы Беларусь мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша, 1994 жылы Анкара университеті, 2012 жылы МВА (Лондон, Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолы: Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы (1991-1993); «ҚЗИ Банк» менеджері (1993-1994); «Қазақстан Халық банкі» АҚ бағалы металдармен жұмыс бөлімінің бастығы (1996-1998); «Қазақстан Халық банкі» АҚ акционерлермен жұмыс бөлімінің бастығы (1998-2000); «ҚазҚұрылысСервис» АҚ департаментінің директоры (2002); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрі көмекшісінің міндетін атқарушы, ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің көмекшісі (2002); ҚР Қаржы министрінің көмекшісі (2002-2003); «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ жобалар департаментінің бас менеджері (2003); «ИК: Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі (2003-2004); «ҚИҚ» акционерлік инвестициялық қоры» АҚ Бас директорының орынбасары (2007-2010); «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы» ЗТБ президенті (2010 жылдан).

Қазіргі қызметінде 2013 жылдан бастап.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), В.И.Вернадский атындағы алтын медальмен, «Ерен еңбегі үшін» (2014), «Астанаға 20 жыл» (2018) медальдарымен марапатталған.

46 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Артур Станиславович ПЛАТОНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының тарихи-теориялық факультетін тәмамдаған, мамандығы – өнертанушы.

1999-2010 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында батыс еуропалық музыка театрының тарихы жөнінде авторлық курста лекция оқыды. 2001-2011 жылдары – КТК арнасындағы «Портрет недели» бағдарламасының жүргізушісі әрі жетекшісі. 2006 жылдан бастап Теледидар және радио Халықаралық Еуразиялық академиясының академигі (Мәскеу). 2010 жылдан бастап Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің Менеджмент және қоғамдық тәртіп кафедрасының профессоры (Алматы қаласы), 2006-2007 жылдары – «КТК» АҚ-ның президенті, 2007 жылдан бастап – КТК-ның жеке хабар тарату арнасының директоры. 2011 жылғы 11 қыркүйектен бастап – «Слуги народа» бағдарламасының жүргізушісі және авторы әрі продюсері. 2014 жылдан – 2016 жылғы наурыз айына дейін КТК-ның стратегиялық дамуы бойынша директоры. 2015 жылдан бастап қайтадан «Портрет неделиге» шақырылған. Басшы, автор және жүргізуші. 2015 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының кеңесшісі.

2016 жылғы 24 наурыздан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT