+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

11 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 11 қыркүйек 07:00
Бөлісіңіз:
11 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 11 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
15 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1883 жылы Семей аймақтық мұражайы ашылды. Мұражайды саяси қуғынға ұшыраған адамдар өздері жиған археологиялық және зоологиялық қазбалар негізінде ұйымдастырды. Аталмыш шараны ұйымдастыруға Абай Құнанбайұлы да атсалысқан. Ол мұражайға барлық жасауымен киіз үй сыйға тартқан.

1931 жылы Қарағанды облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Газет 1935 жылға дейін «Большевистская кочегарка», ал 1935-1963 жылдары «Социалистическая Караганда» деген атаумен шығып тұрды. 1965 жылдан бастап қазіргі атымен шығады. Газет аптасына екі рет шығады, таралымы - 15000 дана.

1991 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ғарыштық зерттеулер агенттігі мен Жер мәселелері және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы құрылды.

2007 жылы «Шоқан Уәлиханов» желкенді кемесі Ақтау қаласынан дүниежүзілік саяхатқа аттанды. Қазақстандық тұңғыш экспедицияның дүниежүзілік теңіз саяхатына жолдаманы Елбасы Н.Назарбаев беріп, экипаж мүшелеріне Қазақстан туын табыс етті. Бұдан кейін Қазақстанның Гимні орындалып, кемеде мемлекетіміздің туы көтерілді. Президент дүниежүзілік саяхатқа шыққан экипаж мүшелеріне сәт сапар тіледі.

2007 жылы Шалдай орманында күшті өрт болды. Өрт сөндіру кезінде орман шаруашылығының төрт қызметкері қаза болды. Төрт ай өткен соң ормандағы өртті сөндіру кезінде тағы да екеуі өмірлерімен қоштасты. Шалдай ауылының орталығында өрт сөндіру кезінде қаза болған «Ертіс орманы» табиғи резерват қызметкерлерінің құрметіне ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің мәрмәр тасында орман шаруашылығы инспекторларының суреттері мен есімдері қашалып жазылған.

2010 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентіндегі №250 мектеп-лицейдің 6 сынып оқушысы Айжан Қыдырбек Италияның Римини қаласында болып өткен «Римини фест» фестивалінде Гран-при жеңіп алды. Бұл ән фестиваліне 9-25 жас аралығындағы өнерпаздар қатысты. Осында қазақ, орыс және итальян тілдерінде әндерді орындаған Айжанға тең келер ешкім болмады.

2013 жылы қазақ ғалымдары Қытайдан 283 томды құрайтын бірегей мұрағаттық құжаттарды әкелді. Онда қазақ хандары мен қытай билеушілерінің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнатылғаны жөнінде көрсетілген. Оның арасында Абылай хан мен Қытай императоры Цяньлунның жазысқан хаттарының көшірмелері де бар болып шықты.

2014 жылы Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 148 шақырым қашықтықта «Союз ТМА-12М» кемесінің құрылғысы қонды. Ол Жерге Халықаралық ғарыш стансасынан қырқыншы экспедицияны жеткізді.

2015 жылы Батуми қаласында (Грузия) Еуропалық конституциялық соттар конференциясы (Еуропалық қауымдастық) төрағалары тобының отырысы өтті. Онда Қазақстанның конституциялық кеңесін Еуропалық қауымдастық құрамына оның бақылаушысы ретінде қабылдау туралы мәселе қаралды.

2018 жылы Минскіде өткен Ғарыштық ұшуларға қатысушылар қауымдастығының 31-ші Халықаралық конгресінің жұмысына қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетов қатысты. Беларусь астанасына әлемнің дәстүрлі ғарышкерлер форумына 17 елден 80-нен астам ғарышкер келді.

Қазақстандық ғарышкер, «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ вице-президенті Айдын Айымбетов ғарыш конгресі аясында түрлі елдерден келген әріптестерімен, сондай-ақ Беларусь Ұлттық Ғылым академиясының өкілдерімен ынтымақтастық бойынша бірқатар іскерлік кездесулер өткізді.

2019 жылы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева «Алтын Мангуст» орденінің кавалері атанды.

Мұндай жоғары марапат – «спорттық Оскардың» бір түрі, дәстүрлі түрде спорттың дамуына және салауатты ұрпақ тәрбиесіне ерекше үлес қосқан меценаттарға, кәсіпкерлер мен саясаткерлерге, сондай-ақ үздік спортшыларға, көрнекті спорт ардагерлеріне беріледі.

2019 жылы «Жібек Жолы – диалог жолы» атты халықаралық экспедиция өз сапарын аяқтады. Экспедиция құрамы келесі бағыт бойынша жүріп өтті: Алматы қаласы – ҮАК – Есік – Шарын – Көлсай – Қарақол – Кәжі-Сай – Токмок – Суусамыр – Талас – Тараз – Ақмешіт үңгірі – Сауран – Түркістан – Арыстанбаб – Отырар – Шымкент – Ташкент – Самарқан – Қазығұрт – Мерке – Таңбалы – Алматы қаласы. Сапардың нәтижесі бойынша еліміздің табиғи нысандарынан жаңа туристік бағыттар, сапалы фото-және видеобанктер құрылды. Олардың қазіргі жағдайы туралы өзекті ақпарат алынып, иллюстрацияланған жолнұсқа жасалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT