11 қазан. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 11 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

75 жыл бұрын (1946) «Абай және ХХІ ғасыр» халықаралық клубының президенті, жазушы Роллан СЕЙСЕНБАЕВ дүниеге келді.

Семей қаласында туған. Семей инженер-технологиялық институтын бітірген. Алғашқы повесі 1975 жылы жарық көрген. Содан бергі уақытта «Аңсау», «Өзімді іздеп жүрмін», «Сағынып жеткен жаз еді» повестері, «Өмір сүргің келсе егер», «Тау басында түйіскен жол», «Ібіліс тағы», т.б. романдары жарық көрген. «Өзімді іздеп жүрмін» пьесасы 1975 жылы жас драматургтердің бүкілодақтық байқауында жүлдеге ие болған. Оның пьесалары республикалық театр сахналарында қойылып келеді. Жазушы Абайдың қара сөздерін орыс тіліне аударуға ат салысып, Англияда Абай үйін ашуға өз үлесін қосқан. Қазақстан комсомолы сыйлығының, КСРО Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, Колумбия университеті сыйлығының лауреаты, Бүкіләлемдік өнер және мәдениет академиясының академигі. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

54 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Ермек Алдабергенұлы САҒЫМБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында дүниеге келді. Қазақ политехникалық институтын (инженер-электромеханик), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (заңгер) бітірген.

Еңбек жолы: 1994-2006 жж. ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік қызметте, қызмет аппаратында, сондай-ақ жедел қамту бөлімшелерінде офицерлік және басшылық қызметте (2006-2019). Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметінің бастығы (2019-2021). Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары (07.2021-08.2021).

Қазіргі қызметін 2021 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.

«Мінсіз қызметі үшін» ІІ, ІІІ дәрежелі медальдарімен, «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» ІІІ дәрежелі медалімен марапатталған.

48 жыл бұрын (1973) «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы, танымал журналист Ләззат Мұратқызы ТАНЫСБАЙ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Алматы халықаралық журналистика институтын бітірген.

1993 жылдан - «Қазақстан» РТРК жүргізушісі, редакторы. 1995 жылдан - «Хабар» агенттігі» АҚ жүргізушісі, жаңалықтар қызметінің продюсері. 2002 жылдан - ҚР Президентінің баспасөз қызметінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, бас инспектор. 2005 жылдан - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағаттар комитеті төрағасының орынбасары. 2008 жылдан - «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 2011 жылғы қарашадан - ҚР Байланыс және ақпарат вице-министрі. 2012 жылдан бері «Астана» телеарнасының бас директоры. 2018-2019 жылдары «НҰР-Медиа» холдингін басқарды.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың сәуір айынан бері.

«Құрмет» орденімен марапатталған. Қазақстандық БАҚ арасында «Жылдың таңдаулы жүргізушісі» аталымында «Алтын жұлдыз» иегері. Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

41 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары Арыстан Кенжетайұлы ҚАБЫКЕНОВ дүниеге келді.

Жезқазған қаласында туған. 2002–2006 жылдары Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, 2004 жылы — КИМЭП, 2012 жылы — Ноттингем университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. 2001–2004 жылдары «ТАТ-2001» ЖШС қаржы директоры қызметін атқарған. 2004–2006 жылдары Қаржы министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2006–2008 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған. 2008–2011 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеген. 2011–2015 жылдары ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында, Өңірлік даму министрлігінде, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігінде қызмет еткен. 2015–2016 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болған. 2016-2018 жылдары ҚР Жапониядағы Елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарған. 2018-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі. 2019-2020 жылдары – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2020 жылдың ақпанынан бері.

37 жыл бұрын (1984) Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі орынбасары Азамат Бескемпірұлы ҚАЛДЫБЕКОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы, Тараз қаласында туған. «Халықаралық құқық бакалавры» мамандығы және «Халықаралық құқық магистрі» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, «Құқық магистрі» мамандығы бойынша (АҚШ Солтүстік Каролина) Дьюк университетін бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласының Бостандық ауданының № 2 аудандық сотында жетекші маман болып бастаған. 2008-2011 ж.ж. аралығында Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің тіркеу және еңбектік бақылау басқармасының тіркеу департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы; 2011-2013 ж.ж. аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту Комитетінің мемлекекеттік қызмет көрсету басқармасының сарапшысы, бас маманы ; 2013-2016 ж.ж. аралығында «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас мененджері, заң департаментінің бас заңгері, басқарма төрағасы хатшылығының басқарма хатшысы лауазымын атқарған. 2016-2017 ж.ж. аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің бас техникалық басшысы; 2017-2018 ж.ж. аралғында Еуразия технологиялық университетінің даму жөніндегі проректоры; 2018 жылдың наурыз айынан маусым айына дейін Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы; 2018- 2019 жылдың наурыз айына дейін Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппарат басшысы лауазымында жұмыс атқарды. 2019 жылдың наурыз айынан қазан айына дейін Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары болды. 2019-2020 жылдары Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

Қазіргі қызметін 2020 жылдың қаңтар айынан бастап атқарып келеді.


Соңғы жаңалықтар