+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

11 қазан. Туған күн иелері

2019 жылғы 11 қазан 08:08
Бөлісіңіз:
11 қазан. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 11 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


73 жыл бұрын (1946) «Абай және ХХІ ғасыр» халықаралық клубының президенті, жазушы Роллан СЕЙСЕНБАЕВ дүниеге келді.

Семей қаласында туған. Семей инженер-технологиялық институтын бітірген. Алғашқы повесі 1975 жылы жарық көрген. Содан бергі уақытта «Аңсау», «Өзімді іздеп жүрмін», «Сағынып жеткен жаз еді» повестері, «Өмір сүргің келсе егер», «Тау басында түйіскен жол», «Ібіліс тағы», т.б. романдары жарық көрген. «Өзімді іздеп жүрмін» пьесасы 1975 жылы жас драматургтердің бүкілодақтық байқауында жүлдеге ие болған. Оның пьесалары республикалық театр сахналарында қойылып келеді.

Жазушы Абайдың қара сөздерін орыс тіліне аударуға ат салысып, Англияда Абай үйін ашуға өз үлесін қосқан.

Қазақстан комсомолы сыйлығының, КСРО Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, Колумбия университеті сыйлығының лауреаты, Бүкіләлемдік өнер және мәдениет академиясының академигі «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.


46 жыл бұрын (1973) «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы, танымал журналист Ләззат Мұратқызы ТАНЫСБАЙ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Алматы халықаралық журналистика институтын бітірген. 1993 жылдан - «Қазақстан» РТРК жүргізушісі, редакторы. 1995 жылдан - «Хабар» агенттігі» АҚ жүргізушісі, жаңалықтар қызметінің продюсері. 2002 жылдан - ҚР Президентінің баспасөз қызметінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, бас инспектор. 2005 жылдан - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағаттар комитеті төрағасының орынбасары. 2008 жылдан - «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 2011 жылғы қарашадан - ҚР Байланыс және ақпарат вице-министрі. 2012 жылдан бері «Астана» телеарнасының бас директоры. 2018 жылғы шілдеден «НҰР-Медиа» холдингін қатар басқарды.

«Құрмет» орденімен марапатталған. Қазақстандық БАҚ арасында «Жылдың таңдаулы жүргізушісі» аталымында «Алтын жұлдыз» иегері. Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты.


42 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Дабырұлы ІНКЕРБАЕВ дүниеге келді.

Қазақ мемлекеттік басқару, қаржы және несие академиясының қаржы және несие факультетін (1998), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін заңтану мамандығы бойынша тәмамдаған (2002).

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің Алматы қаласы бойынша салық органдарында салық инспекторы (1998-2002 жж.); қызмет жетекшісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот-медициналық сараптама орталығы сот-экономикалық сараптама қызметінің басшысы (2002-2003);

Алматы қаласындағы «Қазақювелир» АҚ қаржы директоры (2003-2004);, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Алматы қаласы бойынша салық комитеті басқарма басшысы (2004-2007); Алматы қаласы бойынша салық департаментінің аудандық салық басқармаларының басшысы, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары (2007-2017 жж.); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық және кеден заңнамасы департаменті директорының орынбасары, директоры (2017-2018); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының орынбасары (2018-2019); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасы міндетін атқарушы (04.2018).

2019 жылғы мамыр айынан бері қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен марапатталған (2017); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011); «Салық қызметінің үздігі» (2012 ж.), «Қаржы қызметінің үздігі» (2013 ж.) белгілерімен марапатталған.


39 жыл бұрын (1980) Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арыстан Кенжетайұлы ҚАБЫКЕНОВ дүниеге келді.

Жезқазған қаласында туған. 2002–2006 жылдары Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, 2004 жылы — КИМЭП, 2012 жылы — Ноттингем университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. 2001–2004 жылдары «ТАТ-2001» ЖШС қаржы директоры қызметін атқарған. 2004–2006 жылдары Қаржы министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2006–2008 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған. 2008–2011 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеген.

2011–2015 жылдары ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында, Өңірлік даму министрлігінде, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігінде қызмет еткен. 2015–2016 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болған. 2016-2018 жылдары ҚР Жапониядағы Елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарған.

2018 жылғы қаңтардан ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі. Қазіргі қызметінде 2019 жылдың наурызынан бері.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT