11 қазан. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 11 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

72 жыл бұрын (1946) «Абай және ХХІ ғасыр» халықаралық клубының президенті, жазушы Роллан СЕЙСЕНБАЕВ  дүниеге келді.

Семей қаласында туған. Семей инженер-технологиялық институтын бітірген. Алғашқы повесі 1975 жылы жарық көрген. Содан бергі уақытта «Аңсау», «Өзімді іздеп жүрмін», «Сағынып жеткен жаз еді» повестері, «Өмір сүргің келсе егер», «Тау басында түйіскен жол», «Ібіліс тағы», т.б. романдары жарық көрген. «Өзімді іздеп жүрмін» пьесасы 1975 жылы жас драматургтердің бүкілодақтық байқауында жүлдеге ие болған. оның пьесалары республикалық театр сахналарында қойылып келеді.

Жазушы Абайдың қара сөздерін орыс тіліне аударуға ат салысып, Англияда Абай үйін ашуға өз үлесін қосқан.

Қазақстан комсомолы сыйлығының, КСРО Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, Колумбия университеті сыйлығының лауреаты, Бүкіләлемдік өнер және мәдениет академиясының академигі  «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

45 жыл бұрын (1973) «Нұр Медиа» холдингінің бас директоры Ләззат Мұратқызы  ТАНЫСБАЙ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Алматы халықаралық журналистика институтын бітірген. 1993 жылдан - «Қазақстан» РТРК жүргізушісі, редакторы. 1995 жылдан - «Хабар» агенттігі» АҚ жүргізушісі, жаңалықтар қызметінің продюсері. 2002 жылдан - ҚР Президентінің баспасөз қызметінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, бас инспектор. 2005 жылдан - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағаттар комитеті төрағасының орынбасары. 2008 жылдан - «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 2011 жылғы қарашадан - ҚР Байланыс және ақпарат вице-министрі. 2012 жылдан бері «Астана» телеарнасының бас директоры. Қазіргі қызметінде - 2018 жылғы шілдеден бері.

«Құрмет» орденімен марапатталған. Қазақстандық БАҚ арасында «Жылдың таңдаулы жүргізушісі» аталымында «Алтын жұлдыз» иегері. Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

38 жыл бұрын (1980) ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Кенжетайұлы ҚАБЫКЕНОВ дүниеге келді.

Жезқазған қаласында туған. 2002-2006 жылдары Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, 2004 жылы - КИМЭП, 2012 жылы - Ноттингем университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. 2001-2004 жылдары «ТАТ-2001» ЖШС қаржы директоры қызметін атқарған. 2004-2006 жылдары Қаржы министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2006-2008 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған. 2008-2011 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеген.

2011-2015 жылдары ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында, Өңірлік даму министрлігінде, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігінде қызмет еткен. 2015-2016 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болған. 2016-2018 жылдары ҚР Жапониядағы Елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарған.

Қазіргі қызметінде 2018 жылғы қаңтардан бері. 

Соңғы жаңалықтар