+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

11 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 11 қазан 07:00
Бөлісіңіз:
11 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 11 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.

Халықаралық қыздар күні

2012 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. Бұл күнді мерекелеудің мақсаты - бүкіл әлемдегі қыздардың теңсіздік және әлеуметтік мәселелеріне назар аударту. Олардың ішінде білім алу, толыққанды тамақтану, медициналық қызмет алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, бала кезінен мәжбүрлеп некеге тұрғызудан қорғау мәселелері бар.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1961 жылы Семей полигонында алғаш рет жерасты ядролық жарылысы жасалды (КСРО-ның жер үстіндегі ядролық жарылысы да осы Семей жерінде 1949 жылы тамыздың 29-да жасалған болатын).

1994 жылы «Қазақтелеком» ҰАҚ компаниясы құрылды.

1997 жылы Қазақстанда «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы қабылданды.

2001 жылы мемлекетті басқарудағы «шеберлігі мен дарыны» үшін Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Ватиканның шет мемлекеттер басшыларына арналған ең жоғарғы сыйлығы - Пиус орденімен марапатталды.

2011 жылы Нагасаки қаласының (Жапония) мэрі Томихиса Тауэ «Ядролық қарусыз әлем» сурет және шығарма байқауында жеңімпаз атанған қазақстандық балаларға сыйлықтар табыстады. Байқаудың он үздік эссесі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланды.

2012 жылы қазақстандық жас конькишілер Тимур мен Елизавета Тұрсынбаевтар «Дарынды балалар - Қазақстанның болашағы» энциклопедиясының жаңа басылымының алғашқы кейіпкерлері болды. Олардың есімдері «Қазақстан үміттері» айдарында жарияланды.

2015 жылы қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов Кореядағы Пусан фестивалінде «Жаңғақ ағашы» фильмінің әлемдік премьерасын өткізді. Фильм байқау көрсетіліміне қатысып, «Жаңа ағымдар» бөлімінде жеңіске жетті.

2016 жылы Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Алматының 1000 жылдығына арналған көрме ашылды. Көрме аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының «Белгісіз Қазақстан» бірегей жобасы таныстырылды. Оның басты мақсаты Қазақстан Республикасының мәдениеті мен тарихын насихаттау.

2016 жылы Бүкіләлемдік пошта одағының 26-Конгрессінде дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстан 4 жылға Әкімшілік кеңес мүшесі болып сайланды.

2017 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «proof» сапасындағы күмістен жасалған 500-теңгелік және нейзильберден жасалған 100-теңгелік «Қазақстан халқының ертегілері» сериясынан «Неміс ертегісі» естелік монеталарын шығарды (Бремен Таун музыканттары).

2017 жылы Қазақстан ТМД-да бірінші болып Сауд Арабиясымен тұлғаларды экстрадициялау туралы келісім жасады.

2018 жылы Т.С. Сегізбаев атындағы «Қайрат» ФК академиясында Қазақстандағы алғашқы «Аңсау» балалар инклюзивті футбол клубының тұсаукесері өтті.

2018 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 15 жылдығына орай Қазақстан арнайы марка шығарды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT