11 қарашада Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 11 қарашада Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де «Астана Экспо» аумағында орналасқан «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ алаңында «Жасыл» экономика және ең озық қолжетімді технологиялар қағидаттарына көшу мәселелері бойынша II Халықаралық конференция өтеді. Бұл шара Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында өтеді.

10.00-де www.astanamediaweek.kz платформасында Astana Media Week 2020 медиа апталығы онлайн форматта ашылады.

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында ««TOM: Nur-Sultan» мейкатонында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған прототиптер мен гаджеттерді әзірлеу» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Оны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facеbook-тегі ресми парақшасының тікелей эфирінде өтеді. https://www.facebook.com/nursultanakimat/

12.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы музейіндегі Даму орталығында «Кім ақылды?» зияткерлік онлайн-турнирдің ақтық сайысы өтеді және ойын жеңімпаздары марапатталады.

15.00-де Қазақстан халқы Ассамблеясында «Ортақ шаңырақтың астында – биік мақсаттарға»атты ҚХА кеңесінің отырысы өтеді.


АЛМАТЫ

11.00-де Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және дезинфекция жұмыстарының қорытындылары туралы онлайн-брифинг өтеді. Оған Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев қатысады.

17.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың залы ашылады. Бұл шара елімізде 1 желтоқсанда атап өтілетін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған.

Соңғы жаңалықтар