11 қарашада елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 11 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де онлайн-форматта Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Business Wire Forum форумын өткізу туралы баспасөз конференциясы өтеді. Форумды ұйымдастырушылар: Еуропалық Қайта Құру және даму банкі және Шелл Қазақстан компаниясы. Қосылу сілтемесі .

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы басталады.

10.15-те қысқы кезеңге дайындық шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдай департаменті «Қыс– 2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізеді.

15.00-де Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатында Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді. Күн тәртібінде: Нұр-Сұлтан қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджетінің жобасы қаралады. Баяндамашы – Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев.

15.00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Бөкей ордасының 220 жылдығы және Қазақстандағы тұңғыш мектеп – Жәңгір училищесінің 180 жылдығы аясында «Бөкей ордасы - ел мұрасы» атты көрме өтеді.

16.00-де «Мәскеу» бизнес орталығында орыс жазушысы Ф.М. Достоевскийдің туғанына 200 жыл толуына орай Нұр-Сұлтандағы Орыс үйі, «Мәскеу» бизнес орталығы, Санкт-Петербургтегі Достоевский мұражайы және Семейдегі Достоевский әдеби-мемориалдық мұражайы дайындаған көрме салтанатты түрде ашылады.

17.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының Жолдауы аясында өңірлердің дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Алматы облысының әкімі Амандық Баталов. Көрсетілім сілтемелері: Youtube , Facebook .

19.30-да Qazaqstan орталық концерт залында «Astana musical» театры ағылшын драматургі Рэй Кунидің «№13» комедиясын ұсынады.


Соңғы жаңалықтар