+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

11 қараша. Туған күн иелері

2019 жылғы 11 қараша 08:08
Бөлісіңіз:
11 қараша. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 11 қараша күні дүниеге келген тұлғалардың күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


76 жыл бұрын (1943) Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ректоры Сәлима Сағиқызы ҚҰНАНБАЕВА дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Алматы шет тілдері педагогикалық институтын және аспирантурасын бітірген. 1972-1992 жылдары - Алматы шет тілдері педагогикалық институтының оқытушысы, аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, доценті, проректоры. 1992-1998 жылдары - Қазақ мемлекеттік әлем тілдері институтының бірінші проректоры, оқу ісі жөніндегі проректоры. 1998-1999 жылдары - Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ректоры, бірінші проректоры, оқу ісі жөніндегі проректоры. 50-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның авторы. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп ғылым академиясының, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі,


71 жыл бұрын (1948-2013) қоғам қайраткері Орал Байғонысұлы МҰХАМЕДЖАНОВ дүниеге келген.

Қостанай қаласында туған. Новосібір кооперативтік сауда институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1971-1974 жылдары Қостанай қаласында облыстық тұтынушылар одағында, мәуіті-шұға комбинатында, облыстық комсомол комитетінде жұмыс істеген. 1974-1992 жылдар аралығында комсомол және партия органдарында әртүрлі лауазымдарда, халық депутаттары Торғай облысы облыстық кеңесінде еңбек етті. 1992-1994 жылдары Торғай облысы Амангелді аудандық әкімшілігінің басшысы болып жұмыс істеді. 1994 жылы - ХІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Экономикалық реформа комитеті төрағасының орынбасары. 1995-1997 жылдары - Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі. 1997-2004 жылдар аралығында - Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бірінші орынбасары, меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2004 жылғы қыркүйектен бастап ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. 2004 жылғы қараша - 2007 жылғы маусым аралығында ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы. 2007 жылғы қыркүйекте төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып қайта сайланды. Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі. 2008 жылғы ақпаннан бастап «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Мәжілістегі фракциясының басшысы. 2008 жылғы қазанда ІV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы болып сайланды. Бір мезгілде «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Мәжілістегі фракциясының басшысы. 2012 жылғы қаңтарда Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының тізімі бойынша V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, Достық Орденімен (Ресей Федерациясы), «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.


56 жыл бұрын (1963) Алматы облысы Райымбек ауданының әкімі Нұржан Кеңесұлы ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ дүниеге келді.

1986 жылы Алматы архитектура-құрылыс институтын архитектор, 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика және бизнес мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Шымкент қаласындағы Қазақ фосфор өндірісі ғылыми-зерттеу институтының сәулет-құрылыс бөлімінің инженері болып бастап, кейін бірқатар сәулет-құрылыс ұйымдарында жұмыс істеді. Әр жылдары Алматы облысының архитектура және құрылыс басқармасының Іле аудандық штатының бас маман-бас сәулетшісі, «Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бастығы, Текелі қаласы әкімінің орынбасары болды. 2011 жылдың қыркүйек айынан – Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары қызметіне атқарған.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың қыркүйегінен.


45 жыл бұрын (1974) Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Дүйсенұлы ЖАҚАНОВ дүниеге келді.

Қызылорда қаласында туған. 1992 жылы Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтына түсіп, 1996 жылы экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірді.

1997-2001 жылдар аралығында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы департаментінің экономикалық бағдарлау, нарықтық қатынастар және мониторинг бөлімінің жетекші маманы және бөлім бастығы, стратегия, мониторинг және реформалар бөлімінің жетекші маманы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының маркетингтік зерттеу және өнімді тиімді сату жұмыстарын үйлестіру бөлімінің бастығы қызметін атқарған. 2002 жылдың сәуір айы мен қазан айы аралығында Қызылорда облыстық экономика басқармасының ақпараттық талдау жұмыстары және бақылау бөлімінің бастығы қызметін атқарған. 2002-2004 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметін атқарды. 2005-2008 жылдар аралығында Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті директорының орынбасары және 2008-2011 жылдар аралығында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы қызметінде болды. 2011 жылдың шілде айынан қыркүйек айына дейін Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы қызметін атқарды. 2011 жылдың қыркүйек айынан 2013 жылдың ақпан айына дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2013 жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімі. 2015-2019 жылдары Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болған.

Қазіргі қызметінде ­- 2019 жылдың шілдесінен.


36 жыл бұрын (1983) Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкiмi Нұрлан Орынбасарұлы ЕСIМОВ дүниеге келген.

Жамбыл облысының Тараз қаласында туған. 2005 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетiн заңгер мамандығы бойынша, 2009 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн, 2013 жылы Ұлыбританиядағы Данди университетiн тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасының түлегi.

Еңбек жолын 2005 жылы «Темiржолжылу» акционерлiк қоғамында нормативтiк-құқықтық бөлiмнiң жетекшi маманы болып бастаған. 2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасында заңгер, 2006-2007 жылдары - «Әскерилендiрiлген темiржол күзетi» АҚ-ның мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру бөлiмiнiң бас маманы, 2007-2008 жылдары - Көкшетау қаласы прокурорының көмекшiсi, Ақмола облысының прокуратурасы, 2008-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Мемлекеттiң мүлiктiк құқығын қорғау жөнiндегi департаментiнiң бас сарапшысы, 2014-2015 жылдары - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетiнiң заң басқармасында жұмыс істеген. 2015-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң инспекторы, 2016-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы қызметiн атқарған.

Қазіргі қызметінде - 2017 жылдың маусым айынан бері.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT