11 қараша. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 10 қараша күні дүниеге келген тұлғалардың күнтізбесін ұсынады.

nullЕСІМДЕР

75 жыл бұрын (1943) Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ректоры Сәлима Сағиқызы ҚҰНАНБАЕВА дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Алматы шет тілдері педагогикалық институтын және аспирантурасын бітірген. 1972-1992 жылдары - Алматы шет тілдері педагогикалық институтының оқытушысы, аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, доценті, проректоры. 1992-1998 жылдары - Қазақ мемлекеттік әлем тілдері институтының бірінші проректоры, оқу ісі жөніндегі проректоры. 1998-1999 жылдары - Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ректоры, бірінші проректоры, оқу ісі жөніндегі проректоры. 50-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның авторы. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп ғылым академиясының, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі,

70 жыл бұрын (1948-2013) қоғам қайраткері Орал Байғонысұлы МҰХАМЕДЖАНОВ  дүниеге келген.

Қостанай қаласында туған. Новосібір кооперативтік сауда институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1971-1974 жылдары Қостанай қаласында облыстық тұтынушылар одағында, мәуіті-шұға комбинатында, облыстық комсомол комитетінде жұмыс істеген. 1974-1992 жылдар аралығында комсомол және партия органдарында әртүрлі лауазымдарда, халық депутаттары Торғай облысы облыстық кеңесінде еңбек етті. 1992-1994 жылдары Торғай облысы Амангелді аудандық әкімшілігінің басшысы болып жұмыс істеді. 1994 жылы - ХІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Экономикалық реформа комитеті төрағасының орынбасары. 1995-1997 жылдары - Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі. 1997-2004 жылдар аралығында - Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бірінші орынбасары, меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2004 жылғы қыркүйектен бастап ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. 2004 жылғы қараша - 2007 жылғы маусым аралығында ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы.  2007 жылғы қыркүйекте төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып қайта сайланды. Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі. 2008 жылғы ақпаннан бастап «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Мәжілістегі фракциясының басшысы. 2008 жылғы қазанда ІV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы болып сайланды. Бір мезгілде «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Мәжілістегі фракциясының басшысы. 2012 жылғы қаңтарда Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының тізімі бойынша V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, Достық Орденімен (Ресей Федерациясы), «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған. 

35 жыл бұрын (1983) Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкiмi Нұрлан Орынбасарұлы ЕСIМОВ дүниеге келген.

Жамбыл облысының Тараз қаласында туған. 2005 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетiн заңгер мамандығы бойынша, 2009 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн, 2013 жылы Ұлыбританиядағы Данди университетiн тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасының түлегi.

Еңбек жолын 2005 жылы «Темiржолжылу» акционерлiк қоғамында нормативтiк-құқықтық бөлiмнiң жетекшi маманы болып бастаған. 2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасында заңгер, 2006-2007 жылдары - «Әскерилендiрiлген темiржол күзетi» АҚ-ның мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру бөлiмiнiң бас маманы, 2007-2008 жылдары - Көкшетау қаласы прокурорының көмекшiсi, Ақмола облысының прокуратурасы, 2008-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Мемлекеттiң мүлiктiк құқығын қорғау жөнiндегi департаментiнiң бас сарапшысы, 2014-2015 жылдары - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетiнiң заң басқармасында жұмыс істеген. 2015-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң инспекторы, 2016-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы қызметiн атқарған.

Қазіргі қызметінде - 2017 жылдың маусым айынан бері.

33 жыл бұрын (1985) Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі Азамат Айтбайұлы  ТАЙЖАНОВ дүниеге келді.

Қазақ гуманитарлық-заң университетінің бакалавриатын және магистратурасын тәмамдаған. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі, 2010 жылы Жапонияда Токай университетін аяқтады.

Еңбек жолын 2005 жылғы қазанда Астана қаласы «Ықылас К» ЖШС менеджері болып бастады. 2007 жылғы қарашадан бастап 2008 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды атқарды. 2008 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігінде эксперт болды. 2011 жылғы ақпаннан - Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің кеңесшісі. 2013 жылғы сәуірден бастап Степногорск қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды. 2013 жылы Егіндікөл ауданының әкімі лауазымын атқарған.

Қазіргі қызметінде - 2016 жылдың сәуір айынан бері.


197 жыл
 бұрын (1821-1881) ұлы орыс жазушысы ДОСТОЕВСКИЙ Фёдор Михайлович дүниеге келді.


43 жыл 
бұрын (1974) Голливуд актері Леонардо ДИ КАПРИО дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар