+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

11 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 11 қараша 07:00
Бөлісіңіз:
11 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 11 қарашаға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық энергия үнемдеу күні

Бұл мереке 2008 жылғы сәуірде Қазақстанда SPARE халықаралық үйлестірушілер мәжілісінде қабылданды. 2008 жылғы қарашада әлем халқы алғашқы Энергия үнемдеу күнін атап өтті.

Дүниежүзілік шопинг күні

Бұл мереке 2009 жылы пайда болды. Ол күні қытайлық «Alibaba Group» интернет-алаңы өз ресурстарында (AliExpress.com интернет-дүкенінде) тауарларға 50% жеңілдік жасап, «Дүниежүзілік шопинг күні» деген маркетингтік науқан жүргізген болатын.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1996 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты құрылды.

2006 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында көрнекті энциклопедияшы-ғалым, ағартушы және әдебиетші Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесінің ашылуы болды. Кешенді кесене сары алтын түсті кірпішпен тұрғызылған, кесененің өзіне 73 баспалдақпен көтеріледі - Мәшһүр Жүсіп осынша жыл өмір сүрген. Ғимараттың ішінде мұсылман діни ұстанымдары негізінде екі бөлме - зиратхана мен гурхана бар. Біріншісі намаз оқып, келушілердің еркін әңгімелесуіне арналса, гурханада сандықтас орналасқан. Ол қордайлық граниттен көне түркілік үлгіде, адам өмірінің кезеңдеріне сәйкес, үш деңгейде орындалған. Алтынмен апталған кіреберіс есікті көркем өрнектеп, әсем әшекейлеген ең үздік қазақстандық зергерлердің бірі - Қырым Алтынбеков. 14 метрлік екі күмбезге Алланың 99 аты жазылған. Көрікті кешеннің авторлары - Бек Ыбыраев пен Сәдуақас Ағытаев.

2010 жылы Ұлттық Банк VII Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің өтініші бойынша үш түрлі бірегей монеталарды шығарды: номиналы 5000 теңге болатын 225 дана күміс монета, номиналы 100 теңгелік 899 дана 999 алтын монета және номиналы 500 теңгелік 13 мың күміс монета.

2011 жылы Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті саябағында «Қазақстан» монументалдық-скульптуралық композициясы ашылды. Оның дәл ортасына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсіні орнатылған. Ел жетістігін бейнелейтін композиция қола, гранит, мәрмәр тастарынан қыран құстың қанаты сұлбасында жасалған. Монументтің авторы - мүсінші Шоқан Төлеш.

2014 жылы Қазақстан, Ресей және Украина бірлесіп түсірген қазақтың батыр ұлы Қасым Қайсенов жайлы 4 сериялы көркем фильм халықаралық деңгейдегі зор марапатқа ие болды. Фильм Ресейдің бас наградаларының бірі «Почетный орден Кузбасса» орденімен марапатталды. Туындыдағы басты рөлді Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актеры Қуандық Қыстықбаев сомдады.

2015 жылы «Қазақ хандығының 550 жылдығы» атты 10 бөлімнен тұратын деректі фильмнің түсірілімі аяқталды. Бұл деректі фильмге еліміздің және шетелдің бетке ұстар ғалымдары, ақындар, режиссерлер атсалысқан. Фильмнің алғашқы бөлімі қыпшақ және армян мәдениеттерінің өзара тығыз қарым-қатынасының тарихына арналған. Фильм 1465 жылы Қазақ хандығының құрылуынан бастап Тәуелсіз Қазақстанға дейінгі қазақ халқы шежіресіндегі айшықты кезеңдер туралы баяндайды.

2015 жылы Елордада Еуразиялық ықпалдастықтың негізгі мәселелеріне арналған Астана клубының I отырысы өтті. Астана клубының алғашқы отырысында АҚШ, Ресей, Еуропалық Кеңес, Қытай, Түркия, Иран және өзге де елдерден 50-ден астам экономика, саясат, халықаралық қатынастар саласындағы жетекші сарапшылар бас қосты.

2018 жылы «Филоксения» туристік көрмесі аясында Грекияның Салоники қаласында «Қазақстанға саяхат» стенді ашылды. Қазақстан туралы баяндайтын экспозиция Жерорта теңізі аймағындағы осындай ірі көрмеге алғаш рет қойылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT