11 қаңтарда KASE жұмысы қайта жанданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылдың 11 қаңтарында қор нарығының барлық қаржы құралдарымен сауда жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан қор нарығына (KASE) сілтеме жасап.

Сауда қатысушылары бағалы қағаздарды сату-сатып алу нарығына және репо операцияларына қатыса алады.

Сауда Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 11.30-дан 15.30-ға дейінгі аралықта жүргізілмек.

Алғашқы клиринг сессиясы 13.00-14.30, екінші клиринг сессиясы 15.30-17.00 аралығында өтеді.

Клиринг сессиясының нәтижесі бойынша биржалық мәмілелер есебі жүргізіледі.

Сауда барысы мен оның қорытындысын KASE сайтынан қарауға болады.


Соңғы жаңалықтар