11 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 11 қаңтарда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

9.30-да ҚР Парламенті Мәжілісінде ауылдағы бизнесті дамытудағы АӨК рөлі туралы дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлы дала сазы» атты жаңа жобаның таныстырылымы өтеді.

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде халықаралық «Арқайым - қалалар елі: Кеңістік пен бейнелер» фотокөрмесі салтанатты түрде ашылады.

АЛМАТЫ

14.00-де Алматы электромеханика колледжінде «Заманауи педагогикалық технологиялар ХХІ ғасыр тәуекелдері контексінде» атты халықаралық семинар-практикум басталады.

14.00-де Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде «Періштелер уақыты» авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесінің ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

ШЫМКЕНТ

Сағат 11:30 де «Атамекен» бизнес-орталығында қалалық Кәсіпкерлер палатасының 2018 жылғы жұмысын қорытындылап, биылғы жоспарларын айқындау жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді.

ҚЫЗЫЛОРДА

Сағат 10.00-де Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде тисті сала басшыларының қатысуымен су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары жөнінде брифинг өтеді.

Соңғы жаңалықтар