Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.33 EUR 424.68
RUB 5.92 CNY 56.17

11 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 11 қаңтар 07:00
Поделиться:

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 11 қаңтарға арналған күнтізбесін ұсынады.


11 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі

11 қаңтар. ЖҰМА

Бүкіләлемдік «Рахмет» күні. 
Қаңтардың 11-і жылдың ең «әдепті» күні болып саналады - бұл күні Бүкіләлемдік «рахмет» күні тойланады. БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның бастамасымен пайда болған бұл мерекенің өзіндік мағынасы мол, өйткені бұл мерекені азаматтығына, ұлтына, діни сенімдеріне қарамастан бүкіл әлем болып тойлайды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
2006 жылы Астанада тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызы зор оқиға - Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге 7 мемлекет президенті, әлемнің 20-дан астам мемлекетінің үкімет және парламент басшылары, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропа одағы халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

2006 жылы «Ақорда» резиденциясында Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімінде «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні ретінде алғаш рет орындалды. Нұрсұлтан Назарбаев - ҚР Мемлекеттік әнұраны мәтінінің теңавторы.

2011 жылы режиссер Болат Шәріповтің қазақтың тұңғыш кәсіби дипломаты Нәзір Төреқұловқа арналған «Өкілетті елші» деректі фильмі түсірілді. Нәзір Төреқұлов КСРО-ның ислам әлеміндегі алғашқы елшісі болды.

2013 жылы Астана циркінің гимнасшылары Дария Әбдіхасова мен Дана Рыспекова жұрт «Цирктегі Оскар» деп атап кеткен сыйлықты - «Алтын клоун» фестивалінің гран-приін жеңіп алды. Голландияның Енхед қаласында өткен фестивальда қыздар әлемнің үздік цирк әртістерінің арасынан топ жарды.

2013 жылы Қазақстанның жас кинематографистерінің қатысуымен «ABAI 45» аудиокітабы шығарылды. Ол Абай Құнанбайұлының «Қара сөздерінің» орыс тіліндегі аудионұсқасы.

2016 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жаңа қызмет - гидрометеорологиялық қызмет пайда болды. Гидрометеоролог әскери қызметшілер Қарулы күштердің гидрометеорологиялық бөлімшелерінің жасақталуын бақылайды, метеорологиялық мәліметті жинайды, талдайды және әскерлерге таратады. Авиациялық оқиғаларды, теңізде жүзу және кеме қатынасының қақтығыстары мен қауіпсіздігін тергеп-тексеруге қатысады, сондай-ақ ҚР ҚК-нің гидрометеорологиялық бөлімшелерінде ғылыми-әдістемелік және өнертапқыш жұмысты жүргізеді.

2017 жылы мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы өкілеттерді қайта бөлу мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылды. Оған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы төрағалық етті. Оның құрамына Парламент, Үкімет, Жоғарғы сот және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ ғылыми сарапшылар, заңгерлер кірді.

2017 жылы ресейлік бірқатар атақты ғылым және экономика қайраткерлері «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтой медалімен марапатталды. Атап айтқанда, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий, Ресейдің тауар өндірушілер одағының президенті Олег Сосковец, сондай-ақ көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тайыр Мансұров марапатқа ие болды. Наградаларды Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин табыстады.
2017 жылы Қазақстанда маусымдық тұмауға қарсы екпе жасап шығарылды. 

2017 жылы Шығыс Қазақстан облысынан шыққан шахматшы Александр Кочергин жүз торкөзді шахматты ойлап тапты. Ол ойынға жаңа фигураларды: ханзада мен ханшаны енгізіп, ойын ережесін күрделі ете түсті. 

Бөлісіңіз:
MURAǴAT