11 халық ағарту комиссары репрессияға ұшырады – Ғарифолла Әнес

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халық ағарту комиссариаты білім және ғылым, мәдениет, спорт, туризм, баспасөз сияқты бірнеше министрліктің қызметін атқарды. Бұл жайында «Қазақ Республикасының 100 жылдығы және оның құрылуына «Алаш» қайраткерлерінің қосқан үлесі» атты онлайн конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1920 жылы Орынборда Қазақ автономиясының бірінші съезі өтті. Сол құрылтайда басшылар тағайындалды. Сол кезде ұлттық комиссариаттар, қазіргі тілмен айтқанда министрліктер құрылды. Әділет министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Денсаулық министрлігі, Жер министрлігі құрылды. Осының ішінде қазақ халқының руханиятына жұмыс істеген министрлік – Халық ағарту комиссариаты болды. Ол білім және ғылым, мәдениет, спорт, туризм, баспасөз сияқты бірнеше министрліктің қызметін атқарды. Алғашқы Халық ағарту комиссары – Ахмет Байтұрсынов еді. Ол 1920 жылдың қазанынан 1921 жылдың қазан айына дейін бір жыл қызмет атқарды. Ахмет Байтұрсыновты қосқанда 12 халық ағарту комиссары болды. Олардың бәрі 1-2 жылдан қызмет атқарды. Соның ішінде біреуінің ғана тағдыры белгісіз, қалған 11-і Совет Үкіметінің қолынан қаза тапқан», - дейді филология ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Әнес.

Оның айтуынша, әр халық ағарту комиссарының сол салады еткен еңбегі зор.

«Қазақ халқының руханияты үшін тер төккен комиссарлардың бәрі репрессияға ұшырады. Жас ұрпаққа барлық шындықты айту керек. «Ақ жол» демократиялық партиясы Ә.Бөкейхановтың 30 томдығын, энциклопедиясын, Алаш қайраткерлерінің кітабын шығарды. Сол үшін алғыс айтамыз», - дейді ол.

Еске сала кетейік, аталған шараны «Ақ жол» демократиялық партиясы «Алаш» институтымен бірге ұйымдастырған болатын.


Соңғы жаңалықтар