11 айдың ішінде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 0,7 пайызға өсті

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 11 айдың ішінде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 0,7 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның айтуынша, тау-кен өнеркәсібіндегі физикалық көлемнің индексі  -105,7, ал өңдеуші салада 93,7 пайызды құрады.

  «Егер ай сайынғы өнеркәсіптік өндіріс динамикасын қарайтын болсақ, онда сәуірден бастап абсолютті мағынада физикалық көлем индексінің артуы байқалады. Ал шілдеден бастап ол 100 пайыздан асып түсті», деді  Ә. Смайылов.

Оның сөзіне қарағанда, жалпы алғанда екінші жартыжылдықта өнеркәсіптік сала деңгейі орташа есеппен айына 5 пайызға өсуде.

Соңғы жаңалықтар