11 айда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 0,7 пайызға артты

None
None
А. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазан айында қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 67 мың теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Астанада 11 айдың қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның айтуынша, биылғы жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндірісінің көлемі 0,7 пайызға артты. Ауыл шаруашылығы саласында өнімнің көлемі 10,6 пайызға жоғарылады. Қазіргі кезде жұмыссыздық деңгейі 548 мың адам, яғни 6,5 пайызды құрайды. Бұл жылдың басымен салыстырғанда төмен көрсеткіш.

 «Қазан айында қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 67 мың теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл 9 пайызға артық. Ал нақты жалақы индексі қазанда 103 пайызға жетті»,-деді Агенттік төрағасы.

 Агенттіктің мәліметіне қарағанда, биылғы жылдың қаңтары мен қараша айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3897,1 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 2,3 пайызға артық.

Соңғы жаңалықтар