11 айда 13,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 11 айда 13,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша оң динамика сақталуда. Есепті кезеңде 13,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көрсеткіштің өсуі 10,6 пайыздыды құрады. Оң динамика 15 өңір бойынша тіркелді, олардың арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент қаласында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалуда», - деді министр.

Оның дерегінше, ауыл шаруашылығында есепті кезеңде өндірістің 2,5 пайызға төмендеуі тіркелді.

«Ең төмен көрсеткіштер Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында байқалып отыр. Саладағы өндірістің оң өсуі 11 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары көрсетті», - деді Әсет Ерғалиев.


Соңғы жаңалықтар