USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

11,5 мың акциздік марка, 110 литр спирт: Алматы облысында жасырын цех анықталды

2021 жылғы 28 қараша 02:19
Бөлісіңіз:
11,5 мың акциздік марка, 110 литр спирт: Алматы облысында жасырын цех анықталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында ішімдіктерді қолдан жасап, екі рет сотталған адам тағы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада есірткі арнасы жойылды Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновты қамауға алу мерзімі ұзартылды Күдікті Алматыда ұрлаған телефондарды астанаға келіп сатқан

41 жастағы азаматтың арақ жасайтын жасырын цехынан 110 литр спирт тәркіленді.

Қылмыс Боралдай ауылында тіркелді. Қаржы мониторингі агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің мамандары тексеру барысында «Хаома», «Хортица», «Беленькая» және «Талка» маркалы ішімдік өнімдері қолдан жасалғанын анықтады.

«1980 жылы туған азаматтың заңсыз цехын тексеру барысында 11 500 акциздік марка, 110 литр спирт, 120 бөтелке және өзге де ішімдік жасайтын заттар тәркіленді. Бұл азамат осы қылмысты екі рет жасап, сотталған. Қазір оның үстінен тағы да қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр», - делінген ведомство хабарламасында.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT