105 жастағы ақтөбелік қария Елбасыға алғыс айтып, өлең шумақтарын жатқа оқыды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 8 наурыз мерекесіне орай Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 100 жастан асқан қарияларды құттықтады. Ғасырдан да ұзақ жасаған қариялар ел ішіндегі тұрақтылық пен бейбіт өмір үшін Елбасына алғыс айтып, өлең жолдарын оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, ел дамуына үлес қосқан, бала тәрбиелеп, ұрпақ тәрбилеген қарияларды құттықтады. 101 жастағы Ақжарқын Тұрғанова ұзақ жылдар бойы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында тұрды. Колхозда жұмыс істеп, ауыл шаруашылығын коллективтендіруге үлес қосты. Екі бала тәрбиелеген ана бүгінде 15 немере, 18 шөбере, екі шөпшектің қызығына кенеліп отыр.

null 

Ал 105 жастағы Евдокия Бондаренконың ойы ширақ, өлең шумақтарын жатқа оқиды. Облыс әкімімен кездескен қария қыс, көктем мезгілдеріне арналған өлең шумақтарын оқып, ел ішіндегі тұрақтылық пен бейбіт өмірді сақтап отырған Елбасына алғысын айтты.

«Менің отбасым Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтады. Елімізде тұрақтылық орнаған, өміріміз тыныш. Адам үшін ең маңыздысы бейбіт заман»,- деді Евдокия Бондаренко. Ол Ақтөбенің Мәртөк ауданында туып, өскен. Мектепте еден жуушы болып жұмыс істеп, кейін Ақтөбе хром қосындылары зауытында еңбек етті. Сол өндіріс орнында тұрақты жұмыс істеп, зейнетке шықты.

null 

«Сіздер адал еңбек етіп, Ақтөбе облысының дамуына үлес қосып,сол арқылы  өскелең ұрпақты тәрбиеледіңіздер. Еңбек жолдарыңыз біздер үшін үлгі. Біздің міндетіміз сіздерге құрмет көрсету»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кездесу кезінде.

 

Өңір басшысы мерекеге орай қарияларға гүл сыйлап, сыйлық берді. 

Соңғы жаңалықтар