Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

105 гол соққан қақпашы-сұрмерген

2013 жылғы 24 қазан 04:47 11
Бөлісіңіз:
105 гол соққан қақпашы-сұрмерген

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Спортта қаншама қызықтар бар, әсіресе футбол тарихында қандай қызықты жағдайлар болды десеңізші. Мынандай атауды естіп көріп пе едіңіз? Қақпашы-сұрмерген. Біреуіңіз біліп, біреуің білмейтінде шығарсыздар. Футбол тарихында ең көп гол салған қақпашы - Рожерио Сени.

«Аламанның» жазуынша, Сенидің еншісінде шамамен 105 гол бар. Бразилиялық «Сан-Паулудың» қақпашысы көбінесе айып добы мен пенальти тебу арқылы еншісіне осыншама голды жазған. Рожерио ардагер ойыншы болғанмен қатар рекордшы қақпашы ретінде тарихта қалмақшы.

Рожерио Сени 1973 жылы 22 қаңтар күні Бразилияның Парана штатында дүниеге келген. Жастайынан футболға қызыққан жас өрен 14 жасында Пату-Бранку ауданындағы «Синоп» клубының жастар құрамына енеді. Кейін 1992 жылы «Сан-Паулудың» құрамына енгеннен кейін қосалқы құрамда жүре тұрды. Қосалқы құрамда жас ойыншының бірі болды.

Сол кездегі команданың негізгі қақпашысы Дзетти, Рожерионың айып добын жақсы тепкенін көріп «неге ресми ойындарда осы әрекетіңді көрсетпейсің, бұл ісің жаман болмас еді» деген талап қояды. Міне осыдан кейін Сени ресми кездесулерде осы әрекетті қайталап көзге түседі. Бірақ жаттығу кезінде бұл ісіне жаттықтырушылар бас шайқап, «есіңнен айырылғансыңба?», «Құдай сақтасын, бұл қақпашының ісі емес» деген сөздерді жиі айтатын, бірақ Рожерио бұл сөздерге бас ауыртпай сол баяғы әдетімен кете берді.

Біраз жыл өткеннен кейін Сени «Сан-Паулудың» негізгі қақпашысы атанып, сол баяғы әдетімен керек кезде гол салып, әлем тарихында «адам сенгісіз қақпашы» деген атпен рекордтар кітабына енеді. 1997-2008 жылдар аралығында Рожерио Сени 46 рет қарсылас қақпасын айып соққысынан дәл көздеген. Ал 33 рет он бір метрлік айып алаңынан мүлт қайтпаған. Барлығы 79 гол, қай қақпашының қолынан келген, қақпашы былай тұрсын мықты ойыншылардың қолынан келмеген нәтиже. Ал бұл осы күнгі батырымыздың әлемдегі сөзсіз ең мықты қақпашы-сұрмерген екендігі.

Сенидің бір сөзінде бұрынғы командаласы Дзеттиге былай «Мен футболдан кетпейінше, әлі де гол салам және Дзетти саған міндетті түрде салмай қоймаймын», -деген. Дегенмен Дзетти 2001 карьерасын аяқтайды. Осылайша Рожерионың арманы орындалмай қалады. Сан Паулудың 2005 жылғы жеңіп алған Либертадорес Кубогі мен клубтық әлем Чемпионаты бекер келген жоқ. Осы Сенидің арқасында келді десе де болады. Сол маусымда Рожерио қарсылас қақпасын дәл көздеген, қараңыздар, ... 21 рет! ҚАҚПАШЫ! Адам нанғысыз жаңалық болды. Сени көптеген рекордтар орнатқан, Рожериодан басқа да қақпашы сұрмергендер болды олар: парагвайлық Хосе Луис Чилверт, немiс Ханс-Йорг Бутт, болгарлық Димитар Иванков, мексикалық Хорхе Кампасо сындылар. Бірақ бразилиялықтың бұлардан мерейі үстемірек.

Рожерио 2005 жылдың 28 шілдесінде Атлетико Паранаэнсе клубына қарсы кездесуде ерекше нөмірмен шығады. Ол кез Сенидің Сан Паулу сапындағы 618 ойыны болатын және командадағы ең көп ойын өткізген

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT