104 және 100 жастағы маңғыстаулықтар дауыс берді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау ауданында тұратын бірі 104 және 100 жастағы тыл ардагерлері саяси науқаннан тыс қалмай, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қанзия Сақауова 104 жаста. Жастайынан колхоз, совхоздың жұмысына араласып, елге қызмет етіп келген қария, елге пайдам тисе дейді.

Ал, бірер күн бұрын 100 жасқа шыққан Ақілгек Құлбарақова менің таңдауым - бейбітшілік дейді. Екі ғасырдың куәсі болған екі сайлаушыдан да дауыс үйлеріне барып алынды.


Соңғы жаңалықтар