103 жастағы созақтық кейуана саяси науқанға қатысты

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Созақ ауданы Сызған ауылының 103 жастағы тұрғыны Дүйшет Қалаубаева өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сызған ауылында тұратын Дүйшет Қалаубаева 1919 жылы дүниеге келген.

Өзін тың сезінетін әже бүгінде елдің амандығын, халықтың ауызбіршілігін тілеп отырады.

Бүгін №701 Қозмолдақ учаскелік референдум комиссиясы Дүйшет Қалаубаеваның үйінде арнайы дауыс беруді ұйымдастырды.

«Жасым жүзден асты. Ел қатарлы саяси науқанға қатысып, таңдауымды білдірдім. Шөпшек көріп отырған әжемін. Елдің тұтқасын ұстаған азаматтар аман болсын. Бейбіт заман болсын»,-деді Дүйшет әже.

Ғасыр жасаған кейуанаға аумақтық сайлау комиссиясы арнайы сый-сияпат табыстады.

Қазіргі сәтке дейін Созақ ауданында 60 азамат үйінде отырып референдумға қатыса алды.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында да ғасыр жасаған әже референдумда дауыс берді.


Соңғы жаңалықтар