«102» қызметіне қалай хабарласу керек - Алматы ІІД

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек «102» қызметіне қоңырау шалу әдісін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«102» қызметіне қоңырау шала алмау мәселесі жарты жыл бұрын тоқтаған. Израильдік бағдарлама сатылып алынып, соның арқасында монитордан желідегі қоңыраулар мен қоңырау шала алмағандар тізімі көрініп тұрады», - деді Салтанат Әзірбек.

Оның айтуынша, қоңырау шалушылардың көбеюіне байланысты 102 қызметінде тәулігіне бірнеше оператор кезекке шығады.

«Адамдар «102-ге» қарбалас кезде қоңырау соға алмайды. Бұл автоматтандырылған телефон жүйесі адами факторсыз жұмыс істейді. Егер «102-ге» хабарласқан уақытта желі бос емес болса, онда толассыз қоңыраудың болмағаны. Тұтқаны қоймаңыз, желі өзіңіздікі. Ал қоңырау барып тұрса, керісінше операторлар бос емес деген сөз. Бірақ тұтқаны қоя салмаңыз, желіде қалып кезегіңіз келгенін күтіңіз. Көп адамдар мұндайда қайтадан хабарласамын деп тұтқаны қоя салады. Тиісінше қоңырау шалғанда кезекке қайта тұрады»,-деді Салтанат Әзірбек.

Соңғы жаңалықтар