101 жастағы әже: Көпшіліктің таңдауында береке болады

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Қарақия ауданының №148 сайлау учаскесінде дауыс берген 101 жастағы Ханым Сүйіндікова — ғасырдың жүзін көрген бақытты әже.

Ол қазақ даласын қара бұлт торлаған нәубет жылдарында қуғын-сүргін көрген, оның бері жағында ҰОС-ның азабын арқалаған батыр ана.

«Жасым жүзден асса да айналамда болып жатқан жаңалықтың бәрін естіп, біліп отырамын.

Сайлау деген — көптің таңдауы ғой. Көпшілік қатысқан шаруаның берекесі болады.

Мен бүгінгі сайлауда ұрпақ болашағы үшін дауыс бердім, елде оң өзгерістер көп болсын», — деді Ханым әже.

Әжеміз өзінің батасын берді және сайлау учаскесінің мүшелері дайындаған сый-сияпаттарын табыс етті.


Соңғы жаңалықтар