101 жастағы аңшы бір оқпен екі бұғыны жайратып салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аң аулауға шыққан АҚШ-тағы Моргантаун қаласының 101 жастағы тұрғыны бір оқпен екі бұғыны атып алды. Бұл туралы WHNT-TV телеарнасы хабарлады.

Берта Викерс туыстары алдын ала дайындаған панаға жасырынған.

Оның қасына жас бұғы таяп келген. Бірақ қарт аңшы оны атпай өзге ірілеуін күткен көрінеді. Ал көз алдында үлкен бұғы көлбеңдей бергенде шүріппені басып қалады. Артынша қараса, жерде бір емес екі бұғының сұлап жатқанын көреді. Шамасы жануарлар қатар келе жатқан.

Соңғы жаңалықтар