Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

100 жастағы арыстық кейуана науқанға немерелерін ерте келді

2022 жылғы 5 маусым 11:01

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Ғасыр жасаған Арыс қаласының тұрғыны Рысалды Бейсенбаева немерелерімен бірге келіп, референдум учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арыс қаласындағы №23 референдум учаскесі ресми түрде ашық деп жарияланған соң, дауыс берушілердің алғашқы легін 100 жастағы ауыл тұрғыны бастап кірді.

«Бүгін елімізде өтіп жатқан саяси науқанға өз үлесімді қоссам деген ниетпен ертемен келіп, Жаңа Қазақстан құру жолындағы таңдауымды жасадым. Елеулі өзгерісті қалайтын, ел тағдырына алаңдайтын барлық азаматтар, жастар бүгінгі шарадан қалыс қалмауы тиіс деп ойлаймын. Халқымыз аман болсын! Өзгерістердің барлығы оңынан болсын!» - дейді кейуана.

Сайлау учаскесінің төрағасы Нұрғазы Түлекбаев елден ерте тұрып, маңызды істен қапы қалмағаны үшін қазыналы әжеге естелік сыйлық табыс етті.

Айта кетсек, Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 85 жастағы тұрғыны Жандарбек Жүсіпов алғашқылардың бірі болып дауыс берген еді.

Сондай-ақ, дауыс беруші арыстық тұрғын шашу шашса, сарыағаштық зейнеткерге шапан жабылды.


Автор:

Қайрат Зайнишев

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары