100 жаңа оқулықтың алғашқы легі латын графикасында жарық көреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында әлемнің үздік оқу орындарының қолданысындағы таңдаулы 18 оқулық қазақ тіліне аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен халықаралық конференцияда ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы мәлім етті.

«Оқулықтардың алғашқы қазақша мәтіні шықты, таза аударма жұмысы аяқталды деуге болады. Келесі маңызды жұмыс редакциялау болмақ. Аудармашылардың қолынан шыққан мәтіндердің барлығы ең алдымен ғылыми редакциядан өтеді, онда ғылыми тұжырымдар мен идеялардың дұрыс берілуі қадағаланады. Одан кейін әдеби редакция жүргізіліп, тілші мамандар, баспагерлер, аударма ісінің қыр-сырын жақсы білетін редакторлар мәтінді тағы да шолып шығады», - деп түсіндірді Рауан Кенжеханұлы Ұлттық академиялық кітапханада өткен «Жаңғыру 3.0: Рухани жаңғыру» жиынында.

Атқарушы директордың айтуынша, аталған оқулықтар қоғамдық талқылаусыз, мамандардың құптауынсыз басылымға жіберілмейді.

«Жоба аясында беделді қоғам қайраткерлерінен, білікті мамандардан тұратын арнайы редакция алқасы құрылып жатыр. Одан бөлек, бірқатар кездесулер ұйымдастыру арқылы жұмысымызды қоғамға таныстырып, құптау алғымыз келеді. Жыл соңына дейін аударма мен редакциялау жұмысын аяқтап, оқулықтарды басылымға әзірлеп қою жоспарланған», - деп өз сөзін түйіндеді Р.Кенжеханұлы. 

Тағы бір айта кетерлігі, жаңа оқулықтардың алғашқы легі келесі жылы, Елбасы бекіткен латын қарпінде жарық көреді.

Ұлттық аударма бюросы тәржімалап жатқан 18 кітап туралы толық ақпарат 100kitap.kz сайтында берілген. 

1. Derek Johnston. A Brief History of Philosophy: From Socrates to Derrida

2. Anthony John Patrick Kenny. A New History of Western Philosophy (In Four Volumes). Volume 1

3. Anthony John Patrick Kenny. A New History of Western Philosophy (In Four Volumes). Volume 2

4. Реми Хесс. 25 ключевых книг по философии

5. David Brinkerhoff, Suzanne Ortega, Rose Weitz. Essentials of Sociology. 9th Edition

6. George Ritzer. Sociological Theory. 10th Edition

7. Elliot Aronson. The Social Animal. 11th Edition

8. Duane P. Schultz, Sydney Ellen Schultz. A History of Modern Psychology. 11th Edition

9. David Myers. Social Psychology

10. Gregory Mankiw. Economics. 4th Edition

11. Donald F. Kuratko. Entrepreneurship: Theory, Process, and Practice. 10th Edition

12. Ricky W. Griffin. Management. 12th Edition

13. Karen Armstrong. A History of God: The 4,000-Year Quest of Judaism, Christianity and Islam 

14. Victoria Fromkin, Robert Rodman, Nina Hyams. An Introduction to Language, International Edition

15. Светлана Тер-Минасова. Язык и межкультурная коммуникация

16. Alan Barnard. History and Theory in Anthropology Theory

17. Klaus Schwab. The Fourth Industrial Revolution

18. Lee Anne Peck, Guy S. Reel. Media ethics at work

Соңғы жаңалықтар