+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

«100 жаңа оқулық» жобасы қазақ тілінің ғылыми әлеуетін арттырды – Қырымбек Көшербаев

2021 жылғы 22 қыркүйек 10:35
Бөлісіңіз:
«100 жаңа оқулық» жобасы қазақ тілінің ғылыми әлеуетін арттырды – Қырымбек Көшербаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық рухани жаңғыру: Адами капитал ресурсын ұлғайтуда жаңа мүмкіндіктер жасалады Ұлттық рухани жаңғыру: Мәдениет министрлігі қандай жұмыстар атқарады Мемлекеттік тілге қоғамның сұранысы артып келеді – Ақпарат министрі

«Өздеріңіз білетіндей, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы» іске асырылды. Аталған жобаның арқасында қазақстандық гуманитарлық білім саласы толықтай жаңарып, жаңа деңгейге көтерілді. Дүнижүзінің алдыңғы қатарлы оқу орындарының ең беделді ғалымдары дайындаған оқу құралдары қазақ тіліне аударылып, еліміздің барлық оқу орындарына жетті. Әлемнің ең озық университеттерінің оқу мазмұны жарты миллионнан аса қазақстандық студенттің қолына тиді. Университеттеріміздің оқу бағдарламаларына кірді. Бұл тұрғыдан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «100 жаңа оқулық» жобасы «Болашақ» бағдарламасының жалғасы іспеттес. Сонымен бірге бұл бастама қазақ тілінің жаңа қоғамына сай жаңа біліммен 21 ғасыр азаматтарын қажетті ақпаратпен толықтырды. Тіліміздің ғылыми әлеуеті артты», - деді кеңейтілген мәжілісті ашқан ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев.

Сондай-ақ оның айтуынша, «100 жаңа оқулық» жобасының арқасында кәсіби, академиялық және көркем аудармашылар ортасы қалыптасты. Өзіндік жұмыс технологиясы, стилі, терминологиясы бар аударма мектебі пайда болды. Жобаға қатысқан жүздеген маман кәсіби шыңдалып, аудармашы ғана емес ұстаз, ғалым, зиялы орта өкілі ретінде жаңа қырынан танылды.

«Осының барлығы біз ел ретінде қысқа ғана уақытта қол жеткізген, бірақ, біздің руханиятымызға көп жыл жемісін беретін нақты жұмыстың ауыз толтырып айтарлық нәтижесі деуге әбден болады», - деді Мемлекеттік хатшы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT