«100 жаңа оқулық» кітаптары дүкенде сатыла бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша шыққан кітаптар «Меломан» дүкендерінде сатыла бастады. Бұл туралы мәліметті «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы Фейсбуктегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рауан Кенжеханұлының жазуынша, «100 жаңа оқулыққа» енген кітаптардың электронды нұсқаларын www.OpenU.kz (Қазақстанның ашық университеті) сайтынан тегін оқуға болады.

«Оқулықтарды дүкенге шығару кітапты сатып алғысы келетін көпшіліктің сұрауы бойынша арнайы ұйымдастырылды. Мемлекеттік тапсырыс бойынша шыққан әр кітаптың 10 мың дана таралымы 110 оқу орнына тегін таратылды. Сатылып жатқан кітаптар одан бөлек, қосымша басылды. Алғашқы 18 оқулықтың дүкендегі құны кітап көлеміне қарай 1 790 (198 бет) теңгеден 7 850 (831 бет) теңге аралығында. Жақын арада бұл оқулықтарға онлайн дүкендер арқылы бұдан да арзан бағамен тапсырыс беруге болады», - деп жазады Рауан Кенжеханұлы. 

null 

Соңғы жаңалықтар