«100 жаңа есімге» енген алматылықтар туралы көрме ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы музейінде «Рухани жаңғыру» залы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бұл залда  «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына енген Алматы қаласы аумағында орналасқан нысандар - «Тәуелсіздік таңы» монументі,  қазіргі Қазақ-Британ техникалық университеті орналасқан  ғимарат, Вознесен Соборы, А. Байтұрсынұлының музей-үйі, «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркі, Райымбек батыр кесенесі туралы толық мәліметтермен танысуға болады.

null

null

Экспозицияның ауқымды бір бөлігі «100 жаңа есім» жобасына енген 20 жерлесімізге арналған. Көрме сөресіне Қазақстанның жүздігіне енген Алматылықтардың еңбектері мен марапаттары қойылған. Соның бірі - жас өнертапқыш Мәулен Бектұрғанның ойлап тапқан бионикалық протезі.

null

Әр салада келелі жетістіктерге қол жеткізіп, айқын азаматтық ұстанымымен танылған алматылықтардың өскелең  ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

null

null

Сондай-ақ, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы ақпарат, қазақ тілінде басылып шығатын 100 әлем оқулықтарының 18-і осы залдан өз орнын тапқан.

null

null

"Алматы қаласы музейлерінің бірлестігі" ҚМКК директорының орынбасары Қайрат Тарбаев:

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының төңірегінде іске асырылып жатқан жұмыстар қарапайым халыққа түсінікті  болуы керек. Бұл көрме Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»    бағдарламасы аясында атқарылған істің есебі іспеттес. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тек қана құжат, жоспар түрінде ғана жүзеге аспауы тиіс, қарапайым халыққа қолжетімді болуы керек», - дейді.

Соңғы жаңалықтар