«100 жаңа есім» жобасы жалғасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «100 жаңа есім» жобасының ары қарай жалғасатынын айтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізі, «100 жаңа есім» жобасын екінші рет өткзіп отырғанымыз өте дұрыс. Сондықтан біз оны ары қарай жалғастыратын боламыз. Себебі оған өткен азаматтар жастарға, барлығымызға үлгі болып отыр. Өмірде алынбайтын қамал жоқ. «100 жаңа есім» жобасы осының дәлелі», - деді Н.Назарбаев аталған жобаның екінші кезеңі жеңімпаздарымен кездесуінде.

Шара кезінде Мемлекет басшысы «100 жаңа есім» жобасына енген әрбір адамның өмірі мен еңбек жолын кеңінен насиxаттау қажеттігін де жеткізді. Себебі олар өз ісінің xас шебері атанды, бастаған істі аяғына дейін жеткізіп, биік белестерді бағындыра білді.

«Олар туралы айту керек. Оларды көрсету керек. Әрбір адам ол жеке роман, өз алдына бөлек фильм. Жастарды осы тәжірибенің негізінде тәрбиелеу керек. Мен ылғи айтамын, адамның мүмкіндіктері шексіз, кез келген нәрсені істеуге болады», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін Астанадағы «Қазмедиа» орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі жеңімпаздарымен кездесуі өтті. Сол жерде Мемлекет басшысы табысқа жетудің жолын айтты. "Бір дипломды пайдаға жарата алмасаң, төрт дипломның қажеті қанша?", - дейді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар