+7 (701) 759 90 19
USD 425.77 EUR 494.28
RUB 5.95 CNY 66.14
Jańalyqtar

«100 жаңа есім жеңімпазы» сексеуілді зиянкестерден қорғайтын ғылыми жобаны қолға алды

2021 жылғы 30 сәуір 18:20
Бөлісіңіз:
«100 жаңа есім жеңімпазы» сексеуілді зиянкестерден қорғайтын ғылыми жобаны қолға алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде «Орман перизаты» деген атпен танымал Екатерина Вибе сексеуілді зиянкес жәндіктерден қорғайтын жобаны қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордалық өнертапқыш Алматы ауасын жақсартуға үлес қоспақ ЖЕЭК отырысы: Қазақстан Президенті экологиялық қауіпсіздікке қатысты пікір білдірді Ғылым: Әл-Фараби атындағы мемсыйлықты беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Жас қыздың табиғатқа деген қамқор пейілі оны «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы етіп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та жоба жеңімпаздарымен кездесуінде оның бұл еңбегін ерекше бағалады.

Орман қорғау тақырыбында 60-қа жуық ғылыми мақаласы шыққан Екатерина Вибе Ә.Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істейді. Жас болғанына қарамастан, талай халықаралық және республикалық жобаларға атсалысқан. 2020 жылы Корея Республикасының ормантану институтымен бірге қара сексеуілдің зиянкес жәндіктерге төзімділігін зерттеген болатын.

«Біз Шығыс Қазақстанның шыршалы ормандарын, Ертіс өңірінің қарағайлы ормандарын, қайың ормандарын зерттедік. Қазір сексеуілдің зиянкес жәндіктерге төзімділігін зерттеуды қолға алдым. Бұл Қызылорда сияқты өңірлер үшін шын мәнінде өзекті мәселе. Ағашты егу жеткіліксіз, еккен соң күту керек», - дейді орман жанашыры.

Екатерина шөлейттенуге бейім өңірлерді азып-тозудан сақтайтын сексеуілдің ең төзімді түрлерін анықтамақшы.

«Бүгін осы шарадан шығып, Қызылордаға барамын. Қазір де өзім осында тұрғаныммен ойымның бәрі сол жақта. Бұл жолғы сапар барысында сексеуілдің зиянкес жәндіктерге төзімді түрлерін анықтамақшымыз. Бұл ойымыз іске асса, шөлейттенуге бейім аумақтарға үлкен көмегіміз тиетін еді», - «100 жаңа есім» жеңімпазы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT