+7 (701) 759 90 19
USD 425.77 EUR 494.28
RUB 5.95 CNY 66.14
Jańalyqtar

«100 жаңа есім» жеңімпазы: Ауылда да армандар орындалады

2021 жылғы 30 сәуір 18:54
Бөлісіңіз:
«100 жаңа есім» жеңімпазы: Ауылда да армандар орындалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Өз істерім арқылы ауылда да сапалы өмір сүріп, ой-армандарды орындауға болатынын дәлелдегім келеді». «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы «Колос ферма» ЖШС директоры Инна Корнеева Президентпен кездесуден алған әсерімен бөлісе отырып осындай ой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстандағы климаттың өзгеруі бүкіл Орталық Азияға әсер етеді Президент: 2030 жылға қарай елдегі бидай шығымы 40 пайыз төмендеуі мүмкін Жем-шөптің қымбаттауынан шаруалар жаппай мал сатып жатыр – Мәжіліс депутаты

Инна Корнеева мал тұқымын асылдандырумен айналысатын шаруашылық кешенін басқарады. Жұмыстан қолы қалт еткенде меценаттық жобаларымен Қостанай облысындағы Денисов ауданы мен Свердлов ауылдық округінің дамуына үлес қосып жүр.

«Колос ферма» ЖШС асыл тұқымды абердин-ангус сиырын өсірумен айналысады. 2019-2020 жылдары Эстониядан 330 ірі қара сатып әкелдік. Біз өсімдік шаруашылығымен де айналысамыз. Ұйымның негізін қайын атам Корнеев Александр Анатольевич қалаған болатын. Қазір отбасылық шаруашылықты дамыту менің мойныма көшті. Болашақта ұлым әкесі мен атасының жолын жалғастырады. Кенттегі негізгі жұмыс беруші кәсіпорынбыз, шамамен 125 жұмысшы бар. Біз жаңа технологияларды жасқанбай енгізудің арқасында өркендеп келеміз» - деді Инна Корнеева.

«100 жаңа есім» жобасына оның кандидатурасын жергілікті әкімдік ұсынған екен. 2019 жылы ауылға стадион салып, спартакиада өткізген еңбегін ескерсе керек. Енді осы турнирді Александр Корнеевті еске алатын дәстүрлі шара етпекші.

«Ауылымызда спортты дамытсам деймін. Сол үшін кішкентай балаларды спортқа баулитын бапкер алғыздық. Ауылда балалар аз. Соған қарамастан, жарты жылдың ішінде аудандық жарыстарда топ жара бастадық. Спортты дамыту арқылы жастардың осында тұрақтап қалғанын көздеп отырмын. Бұл жоба ауылда тұруға болатынын, ауылда даму керектігін көрсетеді деп ойлаймын. Өйткені ауыл –экономиканың маңызды ажырамас бөлігі. Ауыл жойылса, экономикаға қиын болады. Сондықтан мен өз ісіммен ауылда тұруға, дамуға, ой-армандарды жүзеге асыруға болатынын дәлелдеймін», - деді «100 жаңа есім» жеңімпазы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT