100 жаңа есім: Жас өнертапқыш бионикалық протез жасап жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазақстанның 100 жаңа есімі» қатарына кірген Мәулен Бектұрғановтың MBionics стартапы жасанды сананың көмегімен бионикалық протездердің ми арқылы бақылау мүмкіндігін жасамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

MBionics стартапы - электрлі механикалық протездерді дайындау саласында Қазақстандағы алғашқы компания. Мәулен Бектұрғановтың стартап идеясы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының «Әлеуметтік маңызы бар жоба» номинациясының ғылым саласы бойынша көшбасшы атанған еді. MBionics стартапы - электрлі механикалық протездерді дайындау саласында Қазақстандағы алғашқы компания. Мәулен Бектұрғановтың стартап идеясы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының «Әлеуметтік маңызы бар жоба» номинациясының ғылым саласы бойынша көшбасшы атанды.
null


«Әртүрлі жағдайға байланысты қолынан айырылған азаматтарға біз әзірге бионикалық протездің үш түрін ұсынып отырмыз. Болашақта олардың санын жетеуге жеткізу жоспарда бар. Өздеріңізге белгілі, бионикалық протездер адам қолының бұлшықеттерімен арнайы сезгіш аппараттардың көмегімен байланысады. Олардың сезгіштік деңгейін үлкейту үшін жасанды сананың мүмкіндіктерін пайдаланудамыз. Нақтырақ айтсам, арнайы бағдарламаланған жасанды сана тікелей ми нейрондарының сигналдарын протезге жеткізу мақсатында қолданылады», - дейді Мәулен Бектұрғанов.

nullБүгінде Қазақстанда қолы ампутацияланған 14 мыңнан  астам азамат өмір сүреді. Олардың небәрі бір пайызы ғана заманауи биноникалық протезді қолданады. Ал қалғандарына бұл әзірге қолжетімсіз болып отыр.

null«Бионикалық протездердің стандарты түрлері болмайды. Ол, әдетте әрбір адамның ампутацияланған қолына орай арнайы дайындалады. Сондықтан бағасы да қымбат келеді. Шетелде біз жасап жатқан протездердің аналогы 30 мың АҚШ доллары көлемінде тұрса, біз оның бағасын 3 немесе 4 есеге дейін қысқарта аламыз. Мысалы, 200 мың АҚШ долларына 30 протез жасаймыз. Оның өзі кейбір азаматтар үшін айтарлықтай қымбат болуы мүмкін. Осы санаттағы адамдар үшін арнайы банк жүйесінің бөліп төлеу әдісін енгізуді жоспарлап отырмыз. Қаржы операцияларын толығымен компанияның өзі жүргізеді, яғни бионикалық протез ақысын бөліп төлеу келісіміне банк секторы араласпайды», - дейді жас өнертапқыш.

nullАйте кетсек, Мәулен Бектұрғанов Алматы қаласында О. Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектебінде білім алған. Ал бакалавр деңгейін Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша алады. Қазір аталған университетте жоғары білімін жетілдіріп жатыр.

null

Автор: Жолдас Өрісбаев

Соңғы жаңалықтар