«100 жаңа есім» кімді үлгі тұтуымыз керектігін көрсетті - министр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы туралыт айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шынын айтқанда, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарын таныстыру - ауқымды әрі шынайы жұмыстың басы ғана. Бұл ретте жалпы жоба не үшін ойластырылды деген сұраққа жауап бере кетейін. Өздеріңіз білетіндей, бұл идеяны Президент «Рухани жаңғыру» мақаласында айтқан болатын. Оның мән-мағынасы - халықтың санасын жаңғырту - өмірлік әрі ерік-жігер беретін мысалдарынсыз мүмкін емес дегенге келеді. Менің ойымша, дәл осындай үлгілі адамдардың өмірін бүкіл ел таныды», - деді Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Министр өз сөзінде, жоба жеңімпаздарының бірі - параолимпиадашы Ерлан Сәлімгереев туралы сөз қозғады.

«Бала кезінде ол аяқ-қолынан айырылып, мүгедек болып қалған. Уақыт өте келе өмірден өз орнын табуға құлшыныс жасаған. Өз өміріне үңіле отырып, Ержан өз қолынан не келетінін, мүмкіндіктерінің шекарасын тексермек болған. Өзі қазір «адамның денесі мен ойының мүмкіндігінің шекарасы жоқ» деп мойындап отыр. Ол әр күні бойы жүзумен айналысып, күніне 3 сағат бойы дайындалып, өз көрсеткішін жақсарта түскен. Өзінің ерік-жігерінің арқасында Қазақстанда, Азияда, одан кейін тіпті әлемде ең мықты жүзуші атанды. Қарап отырсаңыз - бұл өте лайықты үлгі. Ержан туралы біздің қазақстандықтар, әсіресе біздің буын білуі керек», - дейді министр.

Дәурен Абаев осылайша, БАҚ арқылы үлгілі азаматтардың еңбегін паш ету керектігін айтып өтті.

«Президент кешегі шарада жобаға қатысушылардың барлығымен тілдесті. Бұл жоба - кезекті рет біздің кіммен мақтануға болатынымызды, кімді үлгі тұтуымыз керектігін көрсетіп берді», - дейді Дәурен Абаев.

Еске сала кетсек, кеше елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі жеңімпаздарымен кездескен болатын. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына үміткерлерден өтінім қабылдау өткен жылдың қыркүйегінде басталған еді. Жоба кәсіби салада жетістікке жеткен, дара жолдары өзгеге үлгі болатын адамдарға арналған. Осымен екінші жыл ұйымдастырылып отырған жобаның ерекшелігі - үміткер өзін ұсынуға және үміткерді ұйым атынан ұсынуға мүмкіншілік берілді.

Соңғы жаңалықтар