100 жаңа есім: Кандидаттарды ҮЕҰ-лар ұсынатын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің «100 жаңа есімін» іріктеу жөніндегі жұмыс комиссиясы жобаның екінші кезеңі басталғанын және жаңа байқаудың бұған дейінгісінен ерекшеліктерін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл кезеңде өтінімдерді жинау ғана аяқталып, ал іріктеу келесі сатыда жүргізілетін болады. Міне сол уақытта біз тізімді қалыптастыра бастаймыз. Негізгі  ерекшелігі мынада, егер өткен жылы адамдар өтінімдерді өздері бере алса, бұл жылы өтінімдер үкіметтік емес ұйымдар арқылы берілетін болады», - деді «Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов ҚазАқпарат тілшісімен әңгімелесуі барысында. 

Оның айтуынша, елімізде қызметтің сан алуан түрімен айналысатын мыңдаған үкіметтік емес ұйым бар.

«Егер ол бизнесмен болса, онда бизнес қоғамдастық арқылы, егер ол жас белсенді болса, онда кез келген жастар ұйымы арқылы өтінім бере алады. Кандидат жеңіске жетіп,  «100 жаңа есім» тізіміне енген жағдайда ұйым оны одан ары ілгерілетумен айналысады. Бұл жоба жеңімпазы үшін қосымша пиар болмақ», - деді ол.

Тоқтар Болысовтың пайымынша, жобаға енгізілген мұндай жаңалық барынша лайықты кандидатты таңдауға мол пайда әкеледі.

«Менің ойымша, бұл барынша сапалы іріктеу жүргізу үшін қажет. Өйткені, елімізде бес жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан қоғамдық ұйымдар азаматтардың қайсысының барынша белсенді азаматтық ұстанымы бар екенін біледі. Сонымен қатар бұл үкіметтік емес ұйымдарды белсенді бола түсуге ынталандырып, олардың Қазақстандағы танымалдығын арттырады деп ойлаймын», - деді комиссия өкілі.

Өкінішке орай ол қазіргі уақытта қандай кандиаттар ұсынылғанын айта алмады. Себебі жұмыс тобы кандидаттардың тізімін толық алған жоқ. Дегенмен, олардың арасында елімізге танымал азаматтардың болмайтындығы анық.

«Тізімді бізге сәл кейінірек береді. Медиалық тұлғаларға қатысты айтар болса, онда бұл жобаны «100 жаңа есім» деп бекерден бекер атамайды. Соған сай әзірше танымал емес, бірақ еліміздің немесе нақты бір өңірдің дамуына үлкен үлес қосқан тұлғалар болады. Өткен жылы өздеріңіз де әртістер не болмаса халықтың ауызында жүрген өзге де танымал есімдердің қатыспағандығына көз жеткізу мүмкіндігіне ие болған едіңіздер. Жоба бүгінде танымал болған тұлғаларды насихаттауға емес жаңа есімдерді танытуға бағытталған», - деді Тоқтар Болысов.

Оның айтуынша, өткен жылы негізгі тізімге енген адамдар да өз кандидатураларын ұсына алады.

«Нақты өлшемшарттары қазіргі уақытта бекіту сатысында тұр. Дегенмен, негізгісі - бұл кандидаттың Қазақстанның дамуына қосқан үлесі. Қосымша өлшемшарттар сәл кейірек жұмыс кеңесінде жарияланатын болады», - деді ол.

Сонымен қатар «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ-ның атқарушы директоры жобаның жаңа кезеңінен не күтетіндігін айтып берді.

«Жастар ұйымының жетекшісі болғаннан кейін өткен жылы тізімге енген жастар жайында ғана пікір білдіре аламын. Олар бүкіл еліміздің жастары алдында сөз сөйлеу мүмкіндігіне ие болды. Сол арқылы оларды өздерін одан ары дамытуға ынталандырды десек атық айтқандық емес. Жастардың құлшыныстары ояна бастағанына куә болдым. Бұл жастар үшін үлкен ынталандырушы күш саналады. Бұған қоса, жоба үлкен байланыстарсыз немесе ақшасыз да зор табысқа қол жеткізуге болатындығын дәлелдейді»,-  деді Тоқтар Болысов.

Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңіне өтінімдер қабылдау 7 тамыз күні басталған болатын.

Соңғы жаңалықтар