100 спорттық нысан құрылысының қашан аяқталатыны анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенатындағы Үкімет сағатында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов елімізде салынатын спорттық нысандар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлік дене шынықтыру және сауықтыру кешендеріне аса мұқтаж елді мекендерге қатысты 100 нысанның құрылысы бойынша талдау жүргізді. Осыған сәйкес, ведомство жобалар тізімін дайындап, 2019 жылы 22 кешеннің, 2020 жылы - 37, ал 2021 жылы 41 кешеннің құрылысы жоспарға енгізілді», - деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, өңірлерде 100, 160 және 320 көрерменге арналған типтік кешендердің жобалары бар және олар құрылыс кезінде пайланылып келген.

«Бірқатар өңірде дене шынықтыру кешендерінің құрылысы жергілікті бюджет пен жеке инвестицияларды тарту есебінен жүзеге асырыла бастады», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда дене шынықтыру және спорт саласында демеушілік көмек көрсету бойынша саясатты жүзеге асыратын бірыңғай оператор құру жоспарлануда.

Сонымен қатар, елорда күні қарсаңында Жекпе-жек сарайының құрылысы аяқталады.

Соңғы жаңалықтар