+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

100 оқулықтың электронды мәтіндері жаңа алфавитте жариялануы қажет – Мемлекеттік хатшы

2021 жылғы 22 қыркүйек 12:52
Бөлісіңіз:
100 оқулықтың электронды мәтіндері жаңа алфавитте жариялануы қажет – Мемлекеттік хатшы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 100 оқулықтың электронды мәтіндері Қазақстандық ашық университет негізінде жаңа алфавитте жариялануы қажет. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісінде ҚРО Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық рухани жаңғыру: Адами капитал ресурсын ұлғайтуда жаңа мүмкіндіктер жасалады Ұлттық рухани жаңғыру: Мәдениет министрлігі қандай жұмыстар атқарады Мемлекеттік тілге қоғамның сұранысы артып келеді – Ақпарат министрі

«Біріншіден, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, мемлекеттік қолдаумен шыққан барлық шығармашылық туындылардың қоғамдық игілік ретінде еркін тарауы қамтамасыз етілсін. Мемлекеттік органдар мен жекелеген ұйымдар оған иелік етпеуі тиіс. Екіншіден, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылып шыққан оқулықтар мен ғылыми әдебиеттің оқу бағдарламаларына енгізіліп, тиімді қолданылуы қамтамасыз етілсін. Үшіншіден, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына қашықтан оқытуды және қашықтан білім беретін оқу орындарын заңдастыратын және онлайн оқыту қызметін реттейтін толықтыру енгізу қажет», - деді Мемлекеттік хатшы.

Оның атап өтуінше, төртіншіден, «Ұлттық аударма бюросы» негізінде жинақталған тәжірибе мен мамандардың потенциалын жоғалтпау өте маңызды. Қазіргі сұраныс пен қажеттілікті ескере отырып, балалар және жасөспірімдер әдебиеті, гуманитарлық және техникалық оқулықтар мен әдебиет, іскерлік әдебиет және басқа да өзекті аударма бағыттарын қамтитын тұрақты жұмыс жоспары жасалып, іске асырылу қажет.

Бесіншіден, «Ұлттық аударма бюросы» және Оксфорд университетінің баспасы дайындаған «Қазақ-ағылшын», «ағылшын-қазақ» Оксфорд сөздігі басылып, барлық орта және жоғары оқу орындарының кітапханаларына жеткізілсін. Алтыншыдан, латын графикасына кезең-кезеңмен өту жоспары аясында аударылған 100 оқулықтың электронды мәтіндері Қазақстандық ашық университет негізінде жаңа алфавитте жариялануы қажет деп есептейміз. Сонымен бірге, мектеп бағдарламасына кірген қазақ әдебиетінің классикалық туындылары Kitap.kz – Қазақстанның ашық кітапханасы негізінде латын графикасына көшірілсін», - деді Қырымбек Көшербаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT